Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Энергетикалық теңгерімді сақтау мен жаңа технологияларды енгізу мәселесі – күн тәртібіндегі басым бағыттың бірі. Осы міндетті іске асыру мақсатында Үкімет көмір негізіндегі қуат көздерін жаңарту мен кеңейтуді қамтитын ұлттық жоба әзірледі. Бастама тұрақты энергиямен қамтуға қажетті алғышартты қалыптастыруды көздейді.
Фото: inbusiness.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасын іске асыру аясында Үкімет көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат 2030 жылға дейін еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға әрі экономиканың базалық қуаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық жоба индустриялық даму мен цифрлық экономиканың қарқынды өсуі жағдайында электр энергиясына деген қажеттіліктің арта түсетінін ескереді. Кейінгі жылдары IT-сектордың кеңеюі, дерек орталықтарының көбеюі мен жасанды интеллект технологияларын енгізу тұрақты базалық жүктемені талап етеді. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздері барлық сұранысты толық қамтамасыз ете алмайтыны ескеріліп, көмір генерациясының рөлі стратегиялық маңызға ие болып отыр.
Жоба аясында 7,8 ГВт жаңа қуат көздерін енгізу әрі қолданыстағы нысандарды жаңғырту көзделген. Сегіз жаңа электр энергиясы көзін салу жоспарланып отыр. Олардың қатарында Екібастұздағы 2 640 МВт, Курчатовтағы 700 МВт, Жезқазғандағы 500 МВт ірі жобалары, сондай-ақ Көкшетау, Семей мен Өскемен қалаларында заманауи жылу электр орталықтарын салу қарастырылған. Бұған қоса Ақсу ГРЭС, Екібастұз ГРЭС-2 мен Қарағанды энергия торабын қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған 11 стансаға кешенді жаңғырту жүргізіледі. Нәтижесінде, 2030 жылға қарай негізгі энергетикалық жабдықтардың тозу деңгейін 12,6%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Жобаларды іске асыру бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Жалпы инвестиция көлемі 7,5 трлн теңгеден асады. Бұл энергетика саласына ұзақмерзімді инвестициялар тартуға әрі инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Ұлттық жобада экологиялық талаптарға айрықша назар аударылған. Жаңа нысандар «таза көмір» қағидаттарына сәйкес заманауи технологиялар негізінде салынады. Атап айтқанда, жоғары тиімді электр сүзгілерін орнату, азот тотығын каталитикалық жолмен бейтараптандыру жүйелерін енгізу әрі газдарды дымқыл тәсілмен күкірттен арылту көзделіп отыр. Бұл шаралар қалдықтардың көлемін азайтып, халықаралық экологиялық стандарттарға әрі ең үздік қолжетімді технологиялар талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді.
Жобаның әлеуметтік бағыты кадрлық әлеуетті нығайтуға арналған. Салада жаңа жұмыс орындарын ашу, соның қатарында шамамен 4,5 мың тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары да қарастырылған. Атап айтқанда, «Отбасы банкімен» бірлесіп көмір электр стансалары қызметкерлеріне арналған жеңілдікті ипотекалық тетіктер енгізу жоспарланып отыр. Бұған қоса, салалық жоғары оқу орындарының базасында мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыруға басымдық беріледі.
Ұлттық жоба энергетика, өнеркәсіп пен көлік салаларының өзара үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. 2030 жылға қарай энергетикалық мақсаттағы көмірге қосымша сұраныс жылына шамамен 20 млн тоннаны құрайды деп күтіледі. Осыған байланысты ашық вагондар паркін кеңейту, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту әрі ішкі нарыққа арналған тасымалдың болжамды тарифтік дәлізін қалыптастыру көзделген.
Жалпы, ұлттық жобаны іске асыру еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса қазандық агрегаттары, трансформаторлар мен автоматтандыру жүйелерін өндіруді дамыту арқылы отандық машина жасау саласына мультипликативтік әсер береді. Нәтижесінде, көмір генерациясы экономиканың ұзақмерзімді өсімін қамтамасыз ететін технологиялық тұрғыдан жаңғырған әрі экологиялық талаптарға жауап беретін секторға айналады.
Соңғы жаңалықтар
Экономика • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Сараптама • Бүгін, 08:48
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Қоғам • Бүгін, 08:45
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Ғылым • Бүгін, 08:43
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Ғылым • Бүгін, 08:40
Білім • Бүгін, 08:38
Жәдігер • Бүгін, 08:35
Көрме • Бүгін, 08:33
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Әдебиет • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Әдебиет • Бүгін, 08:25
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Тұлға • Бүгін, 08:23
Су тасқыны • Бүгін, 08:20
Әдебиет • Бүгін, 08:18