Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту мен көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Отырысты ашқан Үкімет басшысы алдымен Президент тапсырмасына сәйкес Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.
«Қазір сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новелласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп жатыр», деді О.Бектенов.
Осы ретте бүгінгі қарқынды баяулатып алмау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр бірқатар министрліктер мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруды, барлық мемлекеттік органға түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды.
Күн тәртібіндегі негізгі тақырыпқа көшкен Премьер-министр еліміздің көмірмен қуат өндірудегі әлеуетіне тоқталып, саладағы артықшылықтарды тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көмір энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталып, көмірмен қуат өндіру ісі бойынша Ұлттық жоба қабылдауды тапсырды. Жоба аясында 5 жыл ішінде жаңа станса салу және қолданыстағы 11 стансаны жаңғырту есебінен 8 ГВт қосымша энергия қуатын алу көзделіп отыр. Көмір өнеркәсібі және көмір стансаларында электр энергиясын өндіру отандық отын-энергетикалық кешеннің негізгі салалары саналады. Олар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы ел экономикасында көмірмен қуат өндіру ісінің маңызын әрдайым атап өтіп, саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттарды айқындап берді. Көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреміз. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз, оны тиімді пайдалануымыз керек», деді Премьер-министр.
Олжас Бектеновтің сөзінше, көмір әлем елдерінде, соның ішінде ең көп энергия пайдаланатын өндірістермен қатар, цифрлық платформалар үшін де маңызды қуат көздерінің бірі болып қала береді. Сонымен қатар кейінгі уақытта қоршаған ортаға әсері барынша аз «Таза көмір» технологиясы белсенді дамып келеді.
Инфографиканы жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»
Бұл бағытта Қытай, АҚШ, Үндістан, Оңтүстік Корея және басқа елдердің қалыптасқан тәжірибелері бар. Кейінгі жылдары көмірқышқыл газы мен қоспаларды 90%-ға дейін ұстап қалып, зиянды қалдықтарды қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Премьер-министр қолданыстағы көмір стансаларын жаңғырту, ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемін азайтып, тиімділігін арттыру мақсатында белсенді қолдану қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ елімізде тұтыну көлемінің өсуі мен цифрлық активтердің қарқынды дамуын ескере отырып, энергия нысандарын жоспарлы әрі уақтылы іске қосу керек.
«Мемлекет басшысы жаңа Жылу стансаларының құрылысын жеделдету қажеттігін атап өтті. Қазақстанда тұтыну көлемінің өсуі мен цифрлық активтердің қарқынды дамуын ескере отырып, энергия нысандарын жоспарлы әрі уақтылы іске қосу керек. Осы мақсатта наурыз айында көмір генерациясы бойынша Ұлттық жоба қабылданды. Энергетика министрлігі «Самұрық-Энерго» компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Ұлттық жобаның орындалуын ерекше бақылауға алсын. Әрбір жаңа стансаның іргетасын қалаудан бастап іске қосуға дейінгі барлық жұмыстың нақты жоспары болуға тиіс», деді Үкімет басшысы.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің тапсырмасы аясында 2026 жылғы 20 наурызда «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы бекітілгенін мәлімдеді. Жоба жиынтық қуаты 7,8 ГВт болатын жаңа өндірістерді іске қосу, қолданыстағы стансаларды жаңғырту, заманауи тазарту жүйелерін енгізу, көмір өндіру мен логистиканы дамыту, кадр әлеуетін күшейту және тұрақты инвестиция тартуды қамтиды. Еліміз әлемде көмір қоры бойынша 10-орында (33,6 млрд тонна). Бұл қазіргі қарқынмен 300 жылдан астам уақытқа жетеді. Негізгі кен орындары Қарағанды, Екібастұз және басқа бассейндерде орналасқан. Биыл көмір өндіру көлемі 128,9 млн тоннаға жетуге тиіс. Былтыр 115,9 млн тонна өндіріліп, оның 85,9 млн тоннасы ішкі нарыққа, 30 млн тоннасы Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзияға экспортталған. Салада 40 жер қойнауын пайдаланушы 41 келісімшартпен жұмыс істейді, 32 мыңға жуық адам еңбек етеді. Ал инвестиция көлемі былтырғы 305 млрд теңгеден биыл 553,5 млрд теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ жыл соңына дейін 10 учаскеге аукцион өткізу жоспарланып отыр.
Елімізде көмір генерациясының жаңа қуат көздері салынады. «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, 4 ірі жоба іске асырылады. Барлық жобалар энергия тапшылығын азайтуға бағытталған. Жаңа стансаларда цифрлық мониторинг енгізіліп, «таза көмір» технологиялары (SCR, сүзгіл ер, күкірт тазарту) қолданылып, экологиялық талаптар сақталады.
Үкімет отырысында «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары Асылбек Жұматаев 2026–2032 жылдарға арналған кешенді даму жоспарын таныстырды. Компания – еліміздегі ең ірі көмір өндіруші, қоры 2,4 млрд тонна, жылдық қуаты 42 млн тонна (ел өндірісінің 38%-ы), 6,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы құны 360 млрд теңгені құрайтын жоспар аясында 114 млрд теңгеге заманауи технологиялар енгізу, 132 млрд теңгеге жабдықтарды жаңарту, 114 млрд теңгеге өндірісті жаңғырту мен цифрлық трансформация қарастырылған.
Ал «Qarmet» компаниясы энергетикалық қуат көздерін арттырып, көмір химиясын дамытып жатыр. Компанияның басқарушы директоры Ербол Исмаиловтың айтуынша, қазір ЖЭО-2 мен бу-ауа стансасының жиынтық қуаты шамамен 400 МВт болса, болат өндірісін 5 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарымен қажеттілік 630 МВт-қа өсіп, тапшылық туындайды. Осыған байланысты ЖЭО-2 базасында 300 МВт болатын екі жаңа энергия блогін салу көзделген. Сонымен қатар ЖЭО-да қазандық салу, газ құбырларын ауыстыру, түтін құбырларын жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Компания көмір химиясын дамыту аясында 422 млн долларға №8-9 кокс батареяларын, 166 долларға кокс газын тазарту жүйесін іске асыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, жылына 35 мың тоннаға дейін шикі бензол, 15-тен астам өнім өндіру көзделген.
Павлодар, Қарағанды, Абай облыстарында да энергетикалық қуатты арттыру мен көмір саласын дамыту бағытында ірі жобалар жолға қойылған. Жаңа нысандар салынып, қолданыстағы стансалар жаңғыртылып, өңірлердің энергия тапшылығын азайту көзделген. Жобалар өндіріс көлемін ұлғайтып, мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысында Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді. Энергетика және Экология министрліктері бір ай ішінде энергия көздерін талдап, «таза көмір» технологиясын енгізудің жол картасын әзірлеуге тиіс. Қолданыстағы стансаларда заманауи тазарту жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу, олардың тиімділігін арттыру әрі халықаралық тәжірибені бейімдеу қажет. Сондай-ақ 1 шілдеге дейін көмір химиясын дамытуға арналған мемлекеттік қолдау мен қаржыландыру тетіктерін әзірлеу, цифрлық технологиялар арқылы өндіріс тиімділігі мен еңбек қауіпсіздігін арттыру жоспарын бекіту тапсырылды.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қоғам • Кеше
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың дайындығын тексерді
Қоғам • Кеше
Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимаратында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстанда жаңа алты мұнай кен орны анықталды
Қазақстан • Кеше
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатының финалына шықты
Спорт • Кеше
Жаңа Конституция – орнықты болашақ кепілі
Ата заң • Кеше
Киберқауіпсіздік пен ЖИ-ді дамыту: Елордада Palo Alto Networks компаниясымен кездесу өтті
Технология • Кеше
«Таза Қазақстан»: Елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды
«Таза Қазақстан» • Кеше
Текелі ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін жабдықтардың тозуы екі есеге азайды
Энергетика • Кеше
Биыл музейге 822 мыңнан астам адам барған
Музей • Кеше
Сезініп көруге болатын фотокөрме: Алматылықтар «су астындағы өмірді» тамашалады
Алматы • Кеше
«NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Оқиға • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Азия чемпионаты: 8 боксшымыз финалда бақ сынайды
Бокс • Кеше
Елімізде мұғалімдердің табысы 4,1%-ға төмендеген
Білім • Кеше