Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектеновке геологиялық барлауда инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазМұнайГаз» жалпы қаржыландыру көлемі 17,3 млрд теңгені құрайтын ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырып жатыр. Кешен 80 технологиялық міндетті қамтиды. Жұмыс көмірсутек қорларын іздеу және бағалау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді
Орындалған зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 22 геологиялық барлау жобасын қамтыған портфель қалыптастырылды, оның жиынтық геологиялық ресурстық базасы 4,7 млрд тоннаға жуық шартты отынды құрайды. 2026-2029 жылдарға арналған бағдарлама аясында компания 25 іздеу ұңғымасын бұрғылауды жоспарлап отыр.
«ҚазМұнайГаз» бес негізгі мұнай-газ бассейннің бассейндік модельдеуін жасады. Бұл жұмыс көмірсутектердің шоғырлану жағдайлары мен қозғалу жолдарын анықтауға бағытталған. Осылайша перспективалы учаскелерді болжау дәлдігі артады.
«Қазақстанда бұрын қолданылмаған инновациялық технологиялар сейсмикалық барлау саласына да белсенді енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын 20%-ға дейін жеделдету үшін сымсыз қабылдағыштар, сондай-ақ жұмыстарды қатынауға қиын аймақтар мен аз зерттелген учаскелерде жүргізу үшін электр-магниттік импульстік көздер пайдаланылады. Бұрғылау саласындағы жаңа технологиялар алғаш рет 5 500 метрден астам тереңдікте ұңғымалар бұрғылауға мүмкіндік берді», деп атап өтті Асхат Хасенов.
Сонымен қатар зерттеулерді жеделдету үшін цифрлық керн технологияларын, деректерді өңдеу мен интерпретациялау мерзімін қысқарту үшін жасанды интеллектіні, сондай-ақ LLM үлгілерін әзірлеуді қамтитын жасанды интеллект элементтерін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Өндіріс • Бүгін, 15:38
«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды
Ата заң • Бүгін, 15:36
«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді
Алматы • Бүгін, 15:30
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Экология • Бүгін, 15:22
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Білім • Бүгін, 15:02
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 15:00
Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді
Медицина • Бүгін, 14:48
Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 14:39
Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті
Білім • Бүгін, 14:34
Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
Әлем • Бүгін, 14:20
Жетісу облысында тағы да жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 14:02
Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды
Елорда • Бүгін, 13:51
Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?
Ғылым • Бүгін, 13:42
Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен
Заң • Бүгін, 13:24
Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады
Технология • Бүгін, 13:10