Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасын нақты, мазмұнды және кәсіби деңгейде түсіндіруді жалғастырады Эльвира Әзімова

05.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VIII отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова жаңа Конституцияның жобасы әрі қарай да қоғам алдында ашық талқыланатынын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Қазіргі таңда комиссия хатшылығына е-Otinish платформасынан 4 мыңнан астам ұсыныс келгені белгілі болып отыр. Қоғам тарапынан көптеген оң пікір түсіп жатыр. Сонымен бірге Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты әрі мазмұнды ұсыныстар да келіп жатыр. Алдыңғы отырыста басталған пікір алмасуды жалғастырамыз. Қоғаммен жүргізіліп отырған бұл ашық диалог жалғасады. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының ережелерін алдағы уақытта да нақты, мазмұнды және кәсіби деңгейде түсіндіруді жалғастырады, - деді Эльвира Әзімова.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью