Комиссия құжаттары Президент архивіне тапсырылды

04.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиында Конституциялық Соттың Аппарат басшысының орынбасары Ерлан Сапаров:

«Бұл құжаттар конституциялық шешімдерді іздеудің күрделі әрі жауапты үдерісін, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мемлекеттік дәстүрлерге сүйене отырып қабылданған таңдауларды көрсетеді. Оларды сақтау – өз тарихымызға, реформаны жүзеге асырған барлық қатысушылардың еңбегіне және мемлекеттің тарихи сабақтастығы қағидатына деген құрметтің көрінісі», – деген Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованың сөзін жеткізді.

Сондай-ақ ол Конституциялық реформа жөніндегі комиссия қызметін қамтитын құжаттар кешенін мемлекеттік сақтауға тапсырды. Оның ішінде отырыстардың хаттамалары мен стенограммалары, фото және бейнематериалдар, сондай-ақ конституциялық реформаны қоғамдық талқылау барысында азаматтар мен азаматтық қоғам институттарынан келіп түскен 12 мың өтініш пен ұсыныс бар.

Іс-шара барысында Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина қазіргі Қазақстанның мемлекеттік дамуындағы аса маңызды кезеңдердің бірін айғақтайтын құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдаудың ерекше маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталды. Бұл – мақсаты да, мағынасы да бұрынғыдан өзгеше, мемлекет пен қоғамды жан-жақты жаңғыртуға бағытталған даму жолы. Президент Архиві үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құжаттарының сақтауға қабылдануы үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік», деді Әлия Мұстафина.

Сондай-ақ ол комиссия құжаттары үшін арнайы сақтандыру қоры жасақталатынын атап өтті. Осы құжаттар негізінде болашақ зерттеушілер еліміздің тағдырын айқындаған шешімдердің қалай қабылданғанын, конституциялық реформаның қалай әзірленіп, жүзеге асырылғанын түпнұсқа архивтік құжаттар арқылы жан-жақты зерделей алатынын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью