Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз

27.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алаяқтар әдетте: жылу есептегішін тіркеу керек; өтініш қалдырғансыз; құжаттарыңызды жаңарту қажет; берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз деген сияқты сылтаулар айтады.

Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды. SMS-код арқылы алаяқтар: банк қосымшасына кіруге; мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге; сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.

Астанада екі көлікті заңсыз иемденген алаяқ менеджер сотталды

Өзіңізді қорғау үшін: телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз; SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз; күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз; бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз.

Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады.

Атырау облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар 24 күдікті анықталды

Егер осындай қоңырау түссе: әңгімені бірден тоқтатыңыз; кодты айтпаңыз; жақындарыңызға ескертіңіз; алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.

Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айтып, барлық қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью