Коммуналдық қызмет тарифтері қанша пайызға өсті: Аймақтар бойынша көрсеткіш

18.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері 1 сәуірден бастап біртіндеп қымбаттай бастады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: jasqazaq.kz

Ведомствоның мәліметінше, мораторийдің аяқталғаннан кейін тарифтер күрт емес, біртіндеп және «халыққа барынша жеңіл жүктемемен» көтеріліп жатыр. Баға өзгерісі әр өңірдегі инфрақұрылым жағдайы мен инвестициялық бағдарламалардың қажеттілігіне қарай бекітіледі.

1 сәуірден бастап бірқатар өңірлерде тарифтер келесідей өсті: Астанада:

жылу – 15% су және кәріз жүйесі – 29%

Ұлытау облысында:

жылу – 29% су және кәріз жүйесі – 35%-ға дейін.

Бұған дейін Қарағандыда коммуналдық қызмет бағасы 2027 жылға дейін төмендетілгені туралы жазғанбыз.

Ақмола облысында:

жылу – 15% су және кәріз жүйесі – 20%

Ал Алматыда жылу тарифі 5% артты.

Мамандар мұндай өсімді инфрақұрылымның тозу деңгейімен, желілерді жаңғырту қажеттілігімен, қызметкерлер жалақысының көтерілуімен және көмір, газ, мазут пен электр энергиясы сияқты отын түрлерінің қымбаттауымен түсіндіреді.

Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қанша қаржы жұмсалады?

Табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдеріне қарай тарифтер алдағы уақытта да өзгеруі мүмкін. Дегенмен олардың өсуі тек инфляциялық дәліз шеңберінде ғана жүзеге асады.

Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй көмегі механизмі сақталады. Егер отбасының коммуналдық шығыны табыстың 5-10%-ынан асып кетсе, айырмасы мемлекет тарапынан өтеледі.

Бұған дейін Ұлттық экономика вице-премьері Серік Жұманғарин коммуналдық және инфрақұрылымдық қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен көтеру жоспарланып отырғанын айтқан еді. Оның мәліметінше, 1 сәуірде аяқталған үш айлық мораторий тарифтерді өңірлер бойынша қайта есептеп, теңгерімді түрде өсіруге мүмкіндік берген. Үкімет есептеуінше, бұл шаралардың инфляцияға әсері 0,3%-дан аспайды.

Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды

Соңғы жаңалықтар

Алмас Чукин: Алматы таулары халыққа қолжетімді болуы керек

Қоғам • Бүгін, 18:10

LRT іске қосылғалы бері 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

Қоғам • Бүгін, 18:01

Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді

Экономика • Бүгін, 17:55

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген: Вагондарды негізсіз кідірту фактілері анықталды

Оқиға • Бүгін, 17:49

Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді

Үкімет • Бүгін, 17:43

Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?

Қоғам • Бүгін, 17:28

Меркіде үздік қазақы тазылар анықталды

Оқиға • Бүгін, 17:13

1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 17:03

Елімізде 14-17 жастағы қыздарға вакцина салынады

Денсаулық • Бүгін, 16:55

Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды

Президент • Бүгін, 16:50

Мемлекет басшысы: Транскаспий бағытының дамуы қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты

Президент • Бүгін, 16:42

Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды

Футбол • Бүгін, 16:30

Президент «Орталық Азия – Қытай» елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Президент • Бүгін, 16:25

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленді

Оқиға • Бүгін, 16:21

Шығыстың радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 16:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью