Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

03.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөнін­дегі ұлттық жобаны (ЭКСЖ) жүзеге асы­руғ­а ар­налған Жоба­лық кең­сенің отырысын өткізді.

Бүгінде тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық сала­сындағы 2026 жылға арнал­ған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрайды: 634 млрд теңге – Ұлттық жоба механизмі бойынша, 542 млрд теңге тариф белгілеу меха­низмі бойынша қолданыстағы инвестициялық бағдарламалар аясында.

ЭКСЖ электрондық платформасы арқылы конкурстық рәсімдерді өткізуге дайын 482 млрд теңге сомасына 206 жоба өтеді. Оның ішінде 168 жобаға қатысты қазірдің өзінде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Инфрақұрылымның тозуын төмендету жөніндегі жоспар­дың 100% орындалғанына қарамастан, бірқатар өңірлерде 2026 жылға арналған Ұлттық жобаны іске асырудың бекітілген кестесінен айтарлықтай қалыс қалу байқалады. Жылу­мен жабдықтау саласында Маң­ғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Абай облыстары, электр­­мен жабдықтау саласында Абай, Сол­түстік Қазақстан, Қызыл­орда, Қарағанды, Павло­дар, Батыс Қазақстан облыс­тары, сумен жабдықтау саласында Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстары, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, су бұру саласында: Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары, Астана қаласы қалыс қалып келеді. Сондай-ақ келесі жылға өтінімдер беру барысында да өңірлердің төмен белсенділігі байқалады.

Вице-премьер 2027 жылға қарай әкімдіктер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы «қызыл аймақ» мәселесін толығымен жоюға тиіс екенін атап өтті. Сәуір айының соңына дейін барлық жобалар бойынша ЭКСЖ платформасына, бірінші кезекте «қызыл ай­мақ­тағы» кәсіпорындарға қатыс­ты өтінімдер беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Мерзімдер бұзылған, сапасыз орындалған жағдайда дербес жауапкершілік шаралары қабылданады.

Отырыс барысында қар­жыландыру мәселелері де қаралды. Ұлттық жоба аясында «Бәйтерек» холдингі 1500-ден астам өтінімді пысықтады, олардың ішінен екінші кезеңде 520,6 млрд теңге сомасына 231 өтінім келісілді. Қаржыландыру «Қазақстанның даму банкі» АҚ, екінші деңгейдегі банктер желісі бойынша тікелей кредиттеу арқылы да, «ҚТК» АҚ қатысуымен әкімдіктердің мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу механизмі арқылы да қарастырылады. Бүгінде 231 жобаның 37 жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бұл жобалар іске асыруға дайын.

Күн тәртібінде саланы цифр­ландыру мәселесі де арнайы қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты деректерді жинаудың, берудің, талдаудың көп дең­гейлі жүйесін қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді. Мұндай жүйе «төменнен жоғарыға» қағи­даты бойынша – тұтыну­шылардан коммуналдық кәсіп­орындарға дейін, кейіннен «EnergyTech», «WaterTech» платформаларына, «Smart Turmys» жүйесіне енгізу ережесі бойынша жұмыс істеуге тиіс.

Отырыс қорытындысында Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне, сондай-ақ «ТКШ Қазорталығы» АҚ-ға тиісті тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек

Қоғам • Бүгін, 08:15

Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:12

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Бауырлас елдердің байланысы беки түседі

Саясат • Бүгін, 08:07

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:02

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Ынтымақтастықты арттыруға ынталы

Саясат • Бүгін, 07:58

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55

Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады

Саясат • Бүгін, 07:53

Парижде ән әуелеткен өрендер

Өнер • Бүгін, 07:50

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью