Композитор Қуат Шілдебаевтың Отан Ана атты шығармашылық кеші өтті

30.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл – сазгердің алғашқы ірі авторлық концерті.

Концертте «Қайран көңіл», «Сағым дүние», «Отан Ана», «Жан ана», «Кешір мені», «Аманат», «Аялаған арман-ай», «Сәуле» әндері, сондай-ақ танымал кинофильмдерге жазылған музыкалық шығармалар шырқалды. Кешке қазақстандық танымал орындаушылар мен музыканттар қатысты.

Қуат Шілдебаев – отандық музыкалық өнердің жарқын өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, шетелде де жоғары бағаланып, кеңінен танылған.

2025 жылы композитордың жеке скрипка мен ішекті ансамбльге арналған «Қаракемер» күйі америкалық Global Music Partnership Press баспасынан жарық көрді. Қ.Шілдебаев осылайша, шығармасы аталған баспа арқылы жарияланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.

Сонымен қатар «Қаракемер» күйі Нью-Йорк қоғамдық кітапханасының коллекциясына енгізілді. Туындының премьерасы Гарвард университетінде және Бостон бейнелеу өнері музейінде өтіп, қазақстандық композитордың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын айқындай түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью