Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева әншімен қалай танысқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жолдасымен танысқанына 24 жыл болғанын атап өтті. Айтуынша, басында концерттен кейін әншінің өзі танысуға ниет білдірген.

«2002 жылы Республика сарайында таныстық. Олар концерт өткізді. Клнцерттен кейін қыздар суретке түсеміз деп жүгіріп бара жатты. Мен «Кіммен суретке түсіп жатыр, неге жүгірді?» деп түсінбей қарап тұрдым. Сол кезде Мейрамбек мені байқап «Ана қыз неге суретке түсуге келмей тұр? Шақырыңдар» деді. Мен де суретке түсе салайын деп бардым. Содан ары қарай таныстығымыз басталды», – дейді Махаббат Бесбаева. 

Ол МузАРТ тобын 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью