Көне дәстүр жаңғырды: Шәуілдірде Балуан тас көтерілді

20.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан облысы Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде көне «Балуан тас көтеру» рәсімі қайта жаңғырды. Ұмыт бола бастаған баһадүрлік дәстүрді жаңғыртуға арналған бұл шара жергілікті азамат Абылайхан Қалназаровтың бастамасымен жүзеге асты. Рәсімді ақмолалық айтулы палуан Арман Сүлеймен орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салмағы 150 келіден асатын тас Наурыз мерекесі аясында көпшілік алдында, дәстүрлі шартқа сай көтеріліп, арнайы тұғырға орнатылды. Осы сәттен бастап ол ресми түрде «Балуан тас» мәртебесіне ие болды.

Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Түркістан облысына Балуан тас сапары» экспедициясының үшінші күні өтті. Ол ұлттық баһадүрлік мұраны жаңғыртуға бағытталған «Қазақ күшінің картасы» мәдени-танымдық жобасы аясында іске асты. Экспедиция жетекшісі, «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров палуанды арнайы осы өңірге алып келген.

Наурызнама нақышы

Жиын барысында Абылайхан Қалназаров көне дәстүрдің мәнін тарқатып өтті.

«Бұрын ауыл-аймаққа аты шыққан балуан келсе, ел ағалары одан Балуан тас көтеруді өтінген. Бұл рәсім Отырарда соңғы рет өткен ғасырдың 40-жылдары Қажымұқан атамыздың қатысуымен өткен. Одан кейін бұл дәстүр ұмыт қала бастады. Бүгін соны қайта жаңғырту – елдің бірлігі мен күш-қуатының белгісі», деді ол.

Өтінішке жауап ретінде Арман Сүлеймен белгіленген тасты көтеріп, тұғырына қондырды. Көпшілік куә болған осы сәт тарихи рәсімнің қайта жанданғанын айғақтады.

Жиын барысында ерекше құрмет көрсетіліп, Абылайхан Қалназаровтың әкесі Мамырайхан Қалназаров ақсақал палуанға бата беріп, астына ат мінгізді.

«Атам қазақ «Балуан келсе, құт» деген. Мұндай алып күнде келе бермейді. Арман азамат құрметке лайық», деді қария.

Айта кетейік, қазақ даласында, әсіресе оңтүстік өңірде Қажымұқан Мұңайтпасұлынан кейін дәл осындай рәсіммен балуан тас көтеру оқиғасы тіркелмеген. Осылайша араға 80 жылдан астам уақыт салып, ұмыт болған дәстүр 2026 жылғы 20 наурызда қайта жаңғырды. Бұл оқиғаның символдық мәні де зор.

Мәшһүр Жүсіп жазбасындағы Наурызнама

Деректерге сүйенсек, Қажымұқан көтерген тас сандық пішіндес болып, шамамен 30−40 пұт тартқан. Өкінішке қарай, бұл тарихи тас 1969 жылғы су тасқыны кезінде жоғалған.

Тарихи мәліметтерде айтылғандай, Қажымұқанның Шәуілдірдегі ерлігі ел аузында аңыз болып қалған. Қартайған шағында да ол ауыр тасты еш қиналмастан көтеріп, бірнеше қадам жерге лақтырғаны туралы дерек бар. Бұл оның қайраты мен әзілге жақын, мәрт мінезін айғақтайтын ерекше оқиға ретінде бағаланады.

Ал бүгінгі жаңғырған рәсім – сол дәстүрдің жалғасы, ұлттық күш мәдениетінің қайта жаңғыруының айқын көрінісі.

Соңғы жаңалықтар

Наурыз қарсаңында ұлттық спортты ұлықтау – ұтымды үрдіс

Спорт • Бүгін, 16:32

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Президент • Бүгін, 16:12

«DamDastour»: Шетелдік аспаздар Шымкент тұрғындарына ерекше дәм ұсынады

Аймақтар • Бүгін, 15:58

Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рақымшылыққа іліге ме?

Қоғам • Бүгін, 15:42

Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті

Оқиға • Бүгін, 15:28

Тәшиев тергеуден кейін алғаш рет көпшілік алдына шықты

Саясат • Бүгін, 14:07

Туризм саласында қандай өзгерістер болады?

Туризм • Бүгін, 12:26

Қос қазақстандықтың тартысы: Майамиде Рыбакина Путинцеваға қарсы ойнайды

Спорт • Бүгін, 12:08

Бес өңірде жерасты суының жаңа көздері табылуы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 12:03

Қазақстан әлемдік бақыт рейтингінде Франция мен Сингапурды басып озды

Қазақстан • Бүгін, 11:50

Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?

Экономика • Бүгін, 11:18

Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен

Қылмыс • Бүгін, 11:06

Ел тұрғындары қандай дәрілерді көп сатып алады?

Денсаулық • Бүгін, 10:55

Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады

Қоғам • Бүгін, 10:45

Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?

Экономика • Бүгін, 10:42

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью