Конференция лигасы: бүгін жартылай финал өтеді

30.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жарыстың бұл кезеңінде «Шахтер», «Райо Вальекано», «Страсбур», «Кристалл Пэлас» командалары сынға түсіп жатыр.

Ойындар 30 сәуір және 7 мамыр күндері өткізіледі. Әрбір жұптан жеңімпаз командалар финалға жолдама алады.

30 сәуір

1/4 финал

«Шахтёр» (Украина) - «Кристалл Пэлас» (Англия)

«Райо Вальекано» (Испания) - «Страсбур» (Франция)

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.

Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, бұдан бұрын 28 және 29 сәуірде футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында екі кездесу өтті. Бұл ойында «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Арсенал» (Англия) 1:1 есебіне қанағат білдірсе, франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы Германияның «Бавариясын» 5:4 есебімен жеңді.

Сондай-ақ бүгін UEFA Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью