Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды

19.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Reuters

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елде ауру жұқтырудың расталған жағдайлары 896-ға жеткен. Тек соңғы тәуліктің өзінде 21 жаңа жағдай тіркеліп, 6 адам көз жұмған.

Конгоның денсаулық сақтау органдары ауру жұқтыру көрсеткіші апта сайын өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Билік өкілдері дер кезінде тиімді шаралар қабылданбаса, індет елдің өзге өңірлеріне де тез таралуы мүмкін екенін ескертті.

Қазіргі таңда індетпен күреске медициналық қорғаныс құралдарының, зертханалық тесттердің, қауіпсіз жерлеуге қажетті жабдықтардың жетіспеуі кедергі келтіріп отыр.

Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әзірге Эбола індетінің Конго аумағынан тыс жерлерге таралу қаупі төмен. Соған қарамастан, індет халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай ретінде танылған.

Еске сала кетейік, 14 маусымдағы дерек бойынша Эбола індетінен қаза тапқандар саны 149 адам болған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күн санап өршіп бара жатқан вируспен  күреске 518 млн доллар бөлген болатын. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью