Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жаңа жұқтыру жағдайларының басым бөлігі Итури провинциясында анықталған.
Көршілес Угандада денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, аурудың 19 жағдайы расталып, екі адам қайтыс болған.
10 маусым күні Конгода Эбола вирусынан 115 адам қайтыс болған. Мамыр айының соңында Тедрос Адханом Гебрейесус әлем бойынша Эбола ауруының 900-ден астам күдікті жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 101 жағдайдың зертханалық тұрғыда расталғанын мәлімдеген.
Роспотребнадзор мәліметінше, Эбола қызбасын жұқтыру қаупі жоғары өңірлерден келетін адамдардың денсаулық жағдайын бақылау үшін шекарадағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.
Бұған дейін Конго Эбола вирусының кесірінен әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін екені хабарланды.