Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырудың расталған жағдайлары 782-ге жетті. Билік тәуліктік өсім күрт артып, індет географиясы кеңейгенін хабарлады, ал халықаралық сарапшылар бұл өршуді жаһандық денсаулық сақтауды халықаралық қаржыландыру қарқынды түрде қысқарып, адамдардың ғылымға деген сенімі төмендеген дәуірде болуы мүмкін оқиғалардың басты репетициясы деп санайды, деп хабарлайды TengriHealth.
Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегін жұқтырудың расталған жағдайлары 782-ге жетті. Билік тәуліктік өсім күрт артып, індет географиясы кеңейгенін хабарлады, ал халықаралық сарапшылар бұл өршуді жаһандық денсаулық сақтауды халықаралық қаржыландыру қарқынды түрде қысқарып, адамдардың ғылымға деген сенімі төмендеген дәуірде болуы мүмкін оқиғалардың басты репетициясы деп санайды, деп хабарлайды TengriHealth.
Инфекция жұқтырғандар санының артуы және таралудың жаңа аймақтарыШетелдік БАҚ-тың үкімет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, КДР-да Эбола безгегін жұқтырғандардың расталған саны 782-ге жеткен. Өлім-жітім көрсеткіші - 181. Кейінгі тәулікте 72 жаңа жағдай тіркелді. Бұл індет басталғалы бергі ең жоғары тәуліктік көрсеткіш.
Сонымен қатар вирус алғаш рет денсаулық сақтаудың екі жаңа аймағында - Итури провинциясындағы Ниа-Ниада және Солтүстік Кивудағы Мабалакода анықталды.
Бастапқыда індет 15 мамырда елдің шығысындағы Итури провинциясында басталған болатын. Кейін ауру жағдайлары Солтүстік және Оңтүстік Кивуда тіркелді.
Соңғы мәліметтер бойынша:
Итуридің 36 аймағының 20-сына вирус тараған; Солтүстік Кивудің 34 аймағының 10-ында жағдайлар тіркелген; Оңтүстік Кивудің бір аймағы инфекция жұқтыру жағдайын растап отыр. Сарапшылар әлемге төнген қауіп туралы ескертедіБритандық және халықаралық Financial Times газетінің хабарлауынша, Эболаның өршуі халықаралық денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың әлсіреуі және жұртшылықтың ғылымға деген сенімінің төмендеуі аясындағы келесі жаһандық пандемияның "басты репетициясы" ретінде қарастырылып отыр.
Сарапшылар пікірінше, қазіргі жағдай COVID-19 пандемиясынан кейін індеттерге ден қоюдың әлемдік жүйесі қаншалықты осал болып қалғанын көрсетеді.
Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасының директоры Томас Боллики өршу халықаралық індетке қарсы әрекет ету жүйесіндегі елеулі өзгерістер жағдайында болып жатқанын айтты.
"Covid-19-дан кейін туындаған қоғамдық және жаһандық денсаулық сақтау саласына деген өшпенділік кесірінен біз әлдеқайда нашар жағдайда қалдық", - дейді ол.
Бұл жағдай әлемнің келесі пандемияны тудыруы мүмкін беймәлім патоген - "Х ауруына" дайындығын тексеру деп аталып отыр.
Боллики былай деп айтты:
Қаржыландырудың қысқаруы"Егер әлем үшін жаһандық денсаулық сақтауда жетістікке жететін уақыт болса, ол уақыт - дәл қазір", - деді ол.
Басылым материалында сарапшылар денсаулық сақтауды қаржыландырудың қысқаруына және ғылымға деген сенімнің азаюына назар аударып отырғаны атап өтіледі. Атап айтқанда, АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) шығып кетті, ал ұйымның өзі қаражат тапшылығына байланысты қызметкерлерінің төрттен біріне жуығын қысқартуға мәжбүр.
Дегенмен, Эбола вирусына келетін болсақ, сарапшылар вирус қорқынышты жылдамдықпен әрекет етіп, ағзаның сусыздануына, қан кетуге және мүшелердің істен шығуына әкеліп соқтыратынына, сондай-ақ бірнеше апта, тіпті бірнеше күн ішінде өлімге әкелетініне қарамастан, келесі пандемияға себеп болмайтынына сенімді.
Мән-жайы15 мамырда Конго Демократиялық Республикасы билігі Эбола безгегі тағы өршігенін ресми хабарлады. Бұл індетті вирустың сирек кездесетін Bundibugyo (Бундибугйо) штаммы тудырған, әлемде оған қарсы тіркелген вакцина да, арнайы ем де жоқ.
Анықтама: Эбола безгегі - бұл Эбола вирусынан туындайтын ауыр вирустық ауру және өлім-жітім деңгейі жоғары, аса қауіпті инфекциялар тобына жатады.
Екі күннен кейін, 2026 жылғы 17 мамырда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры вирус өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады.
Кейін Африкадағы Эбола безгегіне байланысты туризм индустриясы қиындықтарға тап болды. Ондаған елдің билігі 30 күндік кіруге тыйым салудан бастап, барлық келушілер үшін үш апталық міндетті карантинге дейін қатаң шектеулер енгізді . Шектеу енгізіп үлгерген мемлекеттердің өзекті тізімін мына жерден көруге болады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу