Конгресс Д. Трампқа қарсы қарар қабылдады

09.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Енді президент Трамп Венесуэлаға қарсы Конгрестің рұқсатынсыз әскери күш қолдана алмайды. Тиісті шешімді АҚШ сенаты қабылдады. 

Қарарға 100 сенатордың 52-і дауыс берген. Ақ үй басшысының іс-әрекетіне қарсы болғандар қатарында партияластары да бар. Президент Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жоғары палата өкілдерінің шешімін сынап, Құрама Штаттардың өзін қорғау құқығын шектеу Конституцияға қайшы екенін атап өтті. Ал қолдап дауыс берген партияластары енді мемлекеттік жоғары лауазымға ие болмауға тиіс деп мәлімдеді. 

Еске салайық, тақауда АҚШ Каракасқа басып кіріп, президент Николас Мадуро мен оның әйелінің қолына кісен салып, елден әкеткен еді. Вашингтон Венесуэла басшысын есірткі саудасымен айналысты деп айыптап отыр.   

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью