Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әнші Төреғали Төреәлі өзімен дуэт орындағысы келетін жас таланттарды іздеп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспары туралы айтты.
«Көңілімде көптен бері жүрген бір ой бар. Мен еліміздің жас әрі талантты әншілерінің бірімен дуэт айтқым келеді. Қай қалада тұратыныңыз маңызды емес. Ең бастысы — таза дауыс, шынайы ниет және өнерге деген махаббат. Егер менімен дуэт айтқыңыз келсе, сізге осындай мүмкіндік бар. Біз бірге жаңа ән жазып, бейнебаян түсіретін боламыз. Ұшақ билеті, тұру және түсірілім шығындарын мен өз мойныма аламын. Сізден тек жүректен шыққан әдемі ән керек», – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Әнші композиторларға да ұсынысын жеткізді.
«Егер сіздерде жақсы әндер немесе әуендер болса, өз ұсыныстарыңызды жіберіңіздер. Келіңіздер, бірге халықтың рухын көтеретін, жүректерге жететін, елге сүйікті болатын жаңа ән жасайық. Сіздерді күтемін. Өнер жолында кездескенше!» - деді әнші.