Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алып, тарихи жетістікке жетті

28.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық Кристина Шумекова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Отандық конькимен жүгіру спортының тарихына енді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жерлесіміз 3000 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды. Бұл – Шумекованың Инцелльдегі төртінші жүлдесі. Ол 4:03.99 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Сонымен қатар конькимен жүгіруші тарихи жетістікке қол жеткізді. Шумекова көпсайыстың кіші түрінде (жекелей қашықтықтардың жиынтығы бойынша) бірінші орын алды. Осылайша, ол ел тарихында бұл белесті бағындырған тұңғыш қазақстандық атанды.

Қорытынды есепте ол 156.001 ұпай жинады. Австриялық Джанин Роснер көпсайыста 157.364 ұпаймен екінші орын алды. Ал нидерландтық Ясмайн Венхейс 160.928 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді

Аймақтар • Бүгін, 21:32

«Созылмалы пәтерлер»: Жамбылда 16 мың адам тіркелген пәтерінде ешқашан тұрмаған

Аймақтар • Бүгін, 20:39

«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

Футбол • Бүгін, 19:43

Арман Қырықбаев: Президенттің бастамалары халықтың жүрегінде көптен бері жүрген дүниелерді айқындайды

Ата заң • Бүгін, 18:39

Таяу Шығыс елдеріндегі қазіргі ахуал қандай?

Әлем • Бүгін, 18:33

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі жедел байланыс желілерінің нөмірлерін жариялады

Оқиға • Бүгін, 17:43

40 адам қаза тапты: Израиль Ирандағы мектепке соққы жасады

Әлем • Бүгін, 17:38

Жаңа Конституция – партияаралық диалогтың басты тақырыбы

Ата заң • Бүгін, 16:29

Президент Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты еліміздегі қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Оқиға • Бүгін, 16:17

Бүгін Жаңа Конституция жобасын талдауға арналған партияаралық диалог өтті

Ата заң • Бүгін, 16:10

Қазір Иранда қанша отандасымыз жүр?

Әлем • Бүгін, 15:23

Иран жауап ретінде Израильге ондаған зымыран ұшырды

Әлем • Бүгін, 14:50

Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

Әлем • Бүгін, 14:23

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

Әскер • Бүгін, 13:50

Air Astana Таяу Шығысқа бағытталған рейстерді тоқтатты

Қоғам • Бүгін, 13:45

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью