Конкурдан Қазақстан құрамасы Ташкенттегі турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

25.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің мәліметінше, Олег Соколенко Shenanigan атты тұлпарымен кедергілер биіктігі 125 см болатын бағытта жеңіске жетіп, ұлттық құраманың қоржынына үшінші алтынды салды.

Бұған дейін жарыстың алғашқы күні Бекжан Байжанұлы King Diamond тұлпарымен 120 см кедергілер бағытында, ал Ксения Баталова Lady Di тұлпарымен 140 см бағытта топ жарған.

Сонымен қатар Олег Соколенко Ташкенттегі жарыста бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған. 24 сәуірде 140 см кедергілер бағытында (Әлем кубогы мен Гран-при кезеңіне іріктеу) Cinderella тұлпарымен екінші орын алса, 120 см бағытта Shenanigan-мен үшінші болып мәреге жеткен.

Тағы бір қола жүлдені Нұрила Тұрысбекова Quibelle van D’abelendreef тұлпарымен жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Турнир 26 сәуірде аяқталады.

Алда команда FEI Jumping World Cup Grand Prix Eurasian League кезеңінде бақ сынайды. Бұл жарыста спортшылар кедергілер биіктігі 155 см-ге дейінгі бағытта сынға түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылы ат спорты бойынша үш халықаралық турнир өткізу жоспарланып отырғаны хабарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью