Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
— Қолданыстағы негізгі заң приамбуладан, 9 бөлімнен және 101 баптан тұрады. Ұсынылып отырған жобада приамбула, 11 бөлім жәнен 104 бап қамтылған. 2 жаңа бөлім пайда болды. Олар «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталады. 4 бөлімнің атауы өзгертілді. Жалпы ережелер бөлімі, Конституциялық құрылыстың негіздері, адам және азамат бөлімі, Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер, Парламент бөлімі, Құрылтай, соттар және, сот төрелігі, прокуратура, адам құқықтары жөніндегі уәкіл бөлімі, Сот төрелігі, құқық қорғау тетіктері бөлімдері болып тұжырымдалды. 77 бапқа түзетулер дайындалды. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды. Осылайша, өзгерістер мен толықтырулар негізгі заңның барлық бөлімін қамтиды деп айтуға болады, — деді Бақыт Нұрмаханов.
Айта кетейік, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төртінші отырысы өтіп жатыр.