Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан Конституциялық комиссияның бірқатар мүшесіне, БАҚ және қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Фото: АқордаАтап айтқанда, Конституциялық сот судьясы Қайрат Жақыпбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай «Парасат» орденіне ие болды.
Jibek Joly телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған «Құрмет» орденімен наградталды.
М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің профессоры Алмас Жұмағали, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Фото: АқордаПрезидент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Жанар Санхаеваға, Президенттік мәдениет орталығының маманы Дастан Қонысбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.
Ерлан Қарин марапат иелерін құттықтап, референдумда азаматтарымыз қабылдаған жаңа Конституция біздің қоғамның президенттік реформалар төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін тағы бір мәрте растағанын атап өтті.
Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстағанын жазғанбыз.