Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қазақстан Конституциясының жаңа жобасында Президент қызметінен мерзімінен бұрын кеткен жағдайда оның өкілеттігін берудің жаңа тәртібі бекітілген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол туралы ІІІ бөлімде жазылған.
«Қазақстан Республикасының Президенті өз еркімен орнынан түсуіне, денсаулық жағдайына қарай өз міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуіне немесе Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен кетірілуіне байланысты лауазымынан мерзімінен бұрын босатылған, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Вице-Президентіне өтеді; Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің денсаулық жағдайына немесе жеке сипаттағы өзге де себептерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасына өтеді; Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының қабылдауы мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне өтеді», - делінген жаңа Конституциялық жобаның 51-бабының 1 тармақшасында.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтініш беретіні көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы тұлғаның Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаудан бас тарту туралы өтінішті өз еркімен бергенін растайды және тиісті қорытынды береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Вице-Президент, Құрылтай Төрағасы, Премьер-Министр өкілеттігін доғарады. Бұл жағдайда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Осы баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауға, сондай-ақ Құрылтайды таратуға құқылы емес», - делінген 51 баптың 3 тармақшасында.