Конституция жобасында адвокатура өзіне лайықты конституциялық статус белгіленді Бақтияр Булеулиев

31.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Адвокат, заң ғылымдарының докторы, профессор Бахтияр Булеулиев бүгінгі жарияланған жаңа Конституция жобасы әсіресе адвокаттар үшін көптен күткен жаңалық барын айтты. 
Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында адвокатура өзіне лайықты конституциялық статус белгіленді.

– Бұған  дейін де айттым, жаңа Конституция жобасында жарияланған Қазақстан адвокатурасының конституциялық мәртебесі өте жоғары деңгейде айқындалған, бұл біз үшін тың серпіліс. 

Әсіресе, бұл мәртебе мемлекеттің сот арқылы қорғану құқығын іске асыруына жәрдемдесуі, көңіліме жақты. Яғни адвокатура азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау ісінде тиімді құқық қолдану және іс жүргізу тетігінің ажырамас бөлігіне айнала алатынын көрсетеді, – Бахтияр Булеулиев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью