Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жаңа Конституция жобасына бірқатар тілдік және мазмұндық түзетулер енгізілді. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов 9-баптағы өзгеріс туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, аталған бапта қолданылған "тең" сөзі "қатар" ұғымымен алмастырылған. Сонымен бірге 50 және 51-баптардағы "өтініш" термині "мәлімдеме" деп өзгертілген.
"9-бап нақтыланып, "тең" сөзі "қатар" деп ауыстырылды. 50 және 51-баптарда "өтініш" деген сөздер "мәлімдеме" деп алынды. Қазақ тіліндегі сөйлем құрау ерекшеліктерін ескере отырып, орыс тіліндегі "является" деген сөз сызықшамен ауыстырылды. Осылайша, қазақ тілінде "болып табылады" деген сөздер алынып тасталды. Мұндай өзгеріс бірнеше бапты қамтып отыр. Бұл бағыттағы шаруамыз әрі қарай жалғаса беретін болады", – деді Бақыт Нұрмұханов.