Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды.. АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда президентке қатысты бапта нақтылауды қажет ететін тұстарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар."Қазіргі Ата заңға сәйкес, президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі.
Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді.
Бұл ретте, мәселенің бәрі "қалған мерзімге" деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн.
Басқаша айтсақ, "қалған мерзім" 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін", - деді Тоқаев ұлттық құрылтайдың бүгінгі отырысында.Осыған байланысты мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма заңда нақты белгіленуі қажет."Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді.
Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным.
Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!", - деп атап өтті Тоқаев.
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.