Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Оның айтуынша, Конституцияға экологиялық нормалардың енгізілуі мемлекет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады.
Фото: Kazinform– Менің ойымша, экологияның Конституция деңгейінде бекітілуі бұл салаға мемлекеттік саясат деңгейінде үлкен мән берілетінін көрсетеді. Себебі Конституция – заңнамалық иерархияның негізі, және онда көрсетілген талаптарды барлығымыз орындауға міндеттіміз, - деді Айман Есекина.
Ол сондай-ақ экологиялық нормаларды конституциялық деңгейде бекіту қоғамда экологиялық сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
– Бұл экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге, экологиялық сананы қалыптастыруға негіз болады, - деді ол.
Сарапшының пікірінше, конституциялық нормаларды тиімді іске асыру елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.
– Конституцияда бекітілген экологиялық норма жай ғана формалдылық емес, нақты бағдар болуы тиіс. Соның арқасында Қазақстан кезең-кезеңімен экологиялық мәдениетті нығайтып, заманауи технологияларды енгізіп, табиғатты қорғау деңгейін жаңа сатыға көтере алады, - деп толықтырды ол.
Айман Есекина елдің заңнамалық жүйесіндегі экологиялық бағыттың күшеюі Қазақстанда тұрақты әрі «жасыл» экономиканы дамытудағы маңызды қадам болатынын айтты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйым басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады.