Конституциялық комиссия биліктің жаңа жүйесінің сұлбасын айқындайды сарапшы | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Саясаттанушының пайымынша, жария кеңістікте «тарихи» термині өте жиі қолданылады. Алайда, бұл жағдайда ол шынымен де қисынды.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси, әлеуметтік және басқарушылық бағыттарда үлкен толқын тудыратын ауқымды тарихи реформаларды ұсынды, - деп атап өтеді сарапшы.
Дегенмен, сарапшы барынша ең көп талқыға түсетін бастама ретінде вице-президент институтының қайта белгілену мүмкіндігін атады.
Бұл лауазым 1996 жылға дейін Қазақстаннның саяси жүйесінде болды.
Ал жойылғаннан кейін оның қызметі Мемлекеттік хатшы, ал одан кейін Мемлекеттік кеңесшіге бөлінгенін айтады.
Сарапшының бағалауынша, жаңа конфигурацияда вице-президент өкілеттігі барынша кең болмақ.
- Ұлттық құрылтай отырысында жария етілген мәлімдемеге қарағанда, вице-президенттің жауапкершілік аясы халықаралық өкілдіктермен, Құрылтай деп аталуы бек мүмкін жаңа Парламентпен өзара іс-қимылды, сонымен қатар ішкі тректегі жұмысты қамтиды, - деп атап өтеді ол.
Читать полностью
Читать новость