Конституциялық комиссияда жаңа Ата заңды бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

07.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Еліміздің Жаңа Конституциясы өкілетті билікті күшейтіп, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осы тұрғыдан оны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару қажет. Мұндай пікірді Сенат Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Конституциялық комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Ольга Перепечинаның сөзінше, Жаңа Конституция жобасы – маңызды әрі жауапты жұмыстың жемісі және қоғамның заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік құрылымды жаңартуға бағытталған.

«Жаңа Конституция биліктің тұрақты әрі түсінікті үлгісін қалыптастырып, өкілетті институттардың рөлін нығайтады және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара қатынастың нақты ережелерін белгілейді. Барлық өзгерістердің басты мақсаты – адам, оның құқықтары, қадір-қасиеті мен болашаққа деген сенімін қорғау», деді Сенат Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол Парламент рөлін Құрылтай институты арқылы қайта қарау негізгі шешімдердің бірі екенін атап өтті.

Мәселен, Құрылтай екі палатаның ізбасары және жоғары өкілді органның жаңа атауы. Бұл оның мемлекеттік билік жүйесіндегі ерекше маңызын, тарихи дәстүрмен байланысын және халық алдындағы жауапкершілігін көрсетеді.

«Мәселе институттың символдық және саяси мәртебесін күшейте отырып, оның парламенттік табиғатын сақтау туралы болып отыр», деді Ольга Перепечина.

Конституция жобасында Құрылтайдың ішкі ұйымдастырылуына, оның ішінде комитеттері мен комиссияларының қызметіне де ерекше назар аударылды. Сенат Төрағасы орынбасарының пікірінше, олардың жұмыс істеу негіздерін Конституциялық деңгейге шығару парламенттік жүйені нығайтуға маңызды қадам болады.

«Комитеттер мен комиссиялар заңдарды дайындау мен пысықтауда, сараптамалық қорытындылар мен парламенттік бақылауды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың мәртебесі, өкілеттіктері мен жұмыс қағидаттарын нақты Конституциялық деңгейде реттеу заңнамалық процестің сапасын арттырып, оны барынша ашық және болжамды етеді», деді Ольга Перепечина.

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Ол тұрақты комитеттердің салалық қағидат бойынша құрылатынын және өз саласына сәйкес мамандандырылған талқылауларды жинақтайтынын еске салды. Осы механизм шеңберінде қабылданған барлық заң жобалары жан-жақты талқыланады. Комиссиялар белгілі бір мәселелер бойынша шоғырландырылған шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.

«Жаңа Конституция жобасы өкілетті билікті күшейтуге, азаматтардың сенімін арттыруға және жетілдірілген парламенттік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Біздің азаматтарымыздың жобаға деген белсенді қызығушылығын ескере отырып, Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынысына қолдау білдіргім келеді», деді Ольга Перепечина.

Сенат Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл рәсім халықтық егемендік қағидатына сәйкес келеді және қабылданатын шешімнің ерекше маңыздылығын көрсетеді.

«Аталмыш жобаны қолдай отырып, біз оны жүзеге асыруға және еліміздің парламенттік жүйесін одан әрі дамытуға жауапкершілік алуға дайын екендігімізді дәлелдейміз», деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бүгін, 7 ақпанда Қазақстанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілгені айтылды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда Конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді.

Соңғы жаңалықтар

Ләззат Қалтаева Жаңа Конституция мәтінін инклюзивті форматтарға аударуды ұсынды

Ата заң • Бүгін, 17:01

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:57

Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды

Ата заң • Бүгін, 16:45

Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?

Аймақтар • Бүгін, 16:38

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Ата заң • Бүгін, 16:22

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:12

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 16:01

Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді

Ата заң • Бүгін, 15:54

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады  

Президент • Бүгін, 15:50

Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық

Экология • Бүгін, 15:35

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

Ата заң • Бүгін, 15:03

Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады

Несие • Бүгін, 14:48

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 14:28

Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады

Бокс • Бүгін, 13:59

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді

Аймақтар • Бүгін, 13:33

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью