Конституциялық комиссияның келесі отырысы дүйсенбі күні өтетіні хабарланды

24.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елордада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы Эльвира Әзімова, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қарин, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Үнзила Шапақ, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай, Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Марат Бәшімов, Адвокаттардың республикалық алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Елнұр Бейсенбаев, Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Азат Перуашев, «ҚазГЗУ университеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, Әділет министрі, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ерлан Сәрсембаев сөз сөйледі.

Жиын соңында Эльвира Әзімова Конституциялық комиссияның келесі отырысы дүйсенбі күні өтетінін хабарлады

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью