Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Маман осы бағыттағы 5 әсерді атап өтті.
«Біріншіден, инвестициялық сенім артады. Конституциялық реформа аясында билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейтіліп, сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді. Инвесторлар үшін ең басты факторлардың бірі меншік құқындағы қорғалуы мен құқықтық тұрақтылық. Егер осы қағидалар іс жүзінде толық орындалса, шетел және отандық инвестициялар көлемі де ұлғаяды», дейді Бауыржан Ысқақ.
Экономистің пікірінше, екіншіден, экономиканы басқарудың тиімділігі артады. Парламенттік бақылау функциясының кеңеюі, Үкіметтің есептілігінің күшеюі бюджет қаражатын тиімді жұмсалуына ықпал етеді.
«Мемлекеттік қаржының ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, кәсіпкерлерге оң ықпал етеді. Конституция заң үстемдігін нығайтуға бағытталғандықтан, бизнес үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптасады. Бұл шағын және орта бизнестің дамуындағы маңызды фактор. Төртіншіден, әлеуметтік тұрақтылық экономикалық өсім негізіне айналады. Конституцияда адам құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін ерекше мән берілген. Әлеуметтік тұрақтылық сақталған елдерде тұтынушылық сұраныс та, инвестициялық белсенділік те жоғары болатындығы белгілі», дейді ол.
Олжас Бектенов: Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы даму бағдарын айқындайды
Ал соңғысы – ұзақ мерзімді құрылымдық реформаларға жол ашады. Экономистің сөзінше, бүгінде жүзеге асырылып жатқан экономиканы әртараптандыру өңдеу өнеркәсібін дамыту, цифрландыру, мемлекеттік басқаруды жаңғырту сияқты бастамалардың барлығы да тиімді институттарға сүйенетіні белгілі. Ол мұндай конституциялық өзгерістер осы институттарға бағытталған деп есептейді.
«Конституция экономиканы автоматты түрде өсірмейді. Егер қабылданған норма сапалы заңдармен толықтырылып, сот жүйесі, мемлекеттік басқару және бизнесті қорғау тетіктері нақты жұмыс істесе, экономиканың тиімділігі артады. Жаңа Конституцияның экономикаға әсері сенім экономикасын қауіпсіз етіп ұстау. Ал сенім болған жерде инвестиция келеді, кәсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуіне негіз қаланады. Сондықтанда конституциялық реформалардың нақты нәтижесі олардың күнделікті мемлекеттік басқару тәжірибесінде қалай іске асырылатынына тікелей байланысты», деді Бауыржан Ысқақ.
Ал экономист Сапарбаев Жұбаев Қазақстан экономикасы Орта Азияда алдыңғы қатарда екенін еске салды.
«Әлем банкі Қазақстандағы банк жүйесінің жұмысын жоғары бағалайды. Сондай-ақ бізде инвестициялық климаттың жағдайы нәтижелі. Қытай мен Еуропаның арасында құрлықтық жол Қазақстан арқылы өтіп, еліміз орталық даңғыл болып тұр. Бұл біздің инвестициялық жағдайымыздың жақсаруына жағдай жасаған. Әрине бұл игі істерде Жаңа Конституцияның да үлесі бар», дейді Сапарбай Жұбаев.
Қауіпсіз цифрлық болашақ: Конституция азаматтардың деректерін қорғаудың жаңа кепілдіктерін бекітті
Сарапшының айтуынша, экономиканың дамуы еліміздегі әлеуметтік бағдарламалардың, мәдениет, спорт, қорғаныс, қауіпсіздік мәселелеріне әсер етеді. Сондай-ақ ішкі жалпы өнімнің көбеюіне септігін тигізеді.
«Жаңа Конституцияда Үкіметтің 2-3 бағдарламасы бар. бірінші, экономиканы дамыту. Екінші, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Үшінші, біздің экономикамызда жұмыс істеп жатқан компаниялардағы халықтың жалақы үлесін 30 пайыздан 40 пайызға дейін жеткізу бар. Алғашқысы бойынша экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін бізде ынталандыратын салалар жеткілікті. Бұған дейін 7 бағдарлама айтылатын. Бұл тау-кен өндіріс, яғни мұнай-газ, метталургия кіреді. Сондай-ақ машина жасау, химиялық өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм, жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларды кейін цифрландыру, жасанды интеллектіні де қосып жатырмыз. Енді біз негізгі бағыттарды дамытуымыз керек. Соның ішінде машина жасауға да көңіл бөлген дұрыс» дейді экономист.
Маман бұдан бөлек халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін сауда және құрылыс салаларын да дамыту қажет екенін атап өтті.