Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссияның екінші отырысында сөз сөйлеп, «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» бөлімдеріне енгізілуі ұсынылған нормалардың мәні мен мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер бір палаталы Парламентке көшу үдерісінде Ата заңның бірқатар баптарын қайта қарауды көздейді және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нұрлан Бекназаров бір палаталы Парламентке өтуге байланысты қолданыстағы Конституцияның «Парламент» бөлімінің бірқатар баптарына оның құрылуы, сайлануы, құзіреті, өкілеттігі, заң қабылдау процестері мен құрамына қатысты маңызды өзгерістер енгізу көзделгенін жеткізді. Айтуынша, бірқатар баптардың күші тұтастай алынып тасталады.
«Жобаға сәйкес, Құрылтай – мемлекеттің заң шығару билігiн жүзеге асыратын ең жоғары өкiлдi органы болып саналады. Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады. Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциялық заңда айқындалады», деді ол.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Құрылтай конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесімен сайланатын 145 депутаттан жасақталады. Депутаттардың өкілеттік мерзімін бес жыл етіп белгілеу ұсынылған.
Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға
Сонымен бірге Комиссия отырысында Құрылтай депутаттарын сайлау мерзімдері мен дауыс беру тәртібі, Құрылтай Төрағасын сайлау, үміткерлерге қойылатын талаптар мен тыйымдар талқыланды.
Әділет министрі Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
Сондай-ақ Президент жаңа реформалар аясында қоғамымыздың елеулі дамуына, елдің ынтымақ-бірлігін нығайтуға ықпал ететін қоғамдық-саяси бірлестіктер мен белсенділерді біріктіретін жаңа жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық кеңесін құруды ұсынған еді. Депутат Ата заңға Халық Кеңесінің өкілдігіне, құзіретіне, қатысты жеке бөлімнің енгізілуі консультативтік органның маңыздылығын айқындайтынын жеткізді.
«Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болып белгіленеді және оның құрамы ел азаматтарынан жасақталады. Халық Кеңесін құру тәртібі және оның құрамы, өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыру мәселелерін айқындайтын заңға Конституциялық мәртебе берілгенін ерекше атап өту қажет», деді Нұрлан Бекназаров
Соңғы жаңалықтар
Астаналық кәсіпкер жаңа бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 10:23
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 10:13
Микро және шағын бизнес салықтық әкімшілендіруді «таза парақтан» бастайды
Салық • Бүгін, 10:02
Полиция Threads платформасындағы таныстықтан сақ болуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 09:52
Аспаннан түскен апат: Бразилияда найзағай соққысынан 72 шеруші жараланды
Әлем • Бүгін, 09:48
Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:35
Еліміздің төрт өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:03
Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты
Қоғам • Кеше
Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады
Әлем • Кеше
Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?
Қоғам • Кеше
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Спорт • Кеше
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
Қоғам • Кеше
КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды
Экономика • Кеше
Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды
Әлем • Кеше