Конституциялық реформаны іске асыру жұмысы жүйелі түрде жалғасуда Ерлан Қарин

15.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Биыл наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың мәртебесі, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттіктері мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңдармен айқындалады. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин аталған заң жобалары жөнінде жазба жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда мынадай Конституциялық заң жобаларын қарады:

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»; «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»; «Қазақстан Халық Кеңесі туралы».

Әкімшілік-аумақтық құрылыс және астананың мәртебесі туралы конституциялық заңдар мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуының орнықты құқықтық негізін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңның ережелері мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының прогрессивті институционалдық моделін қалыптастыруға, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін дамытуға арналған. Бұл жаңа Конституцияның 4-бабындағы «халық – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы» деген нормаға толық сәйкес келеді», - деп атап өтті Ерлан Қарин.

Осылайша, конституциялық реформаны іске асыру жұмысы жүйелі түрде жалғасуда.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью