Конституциялық реформаның сәтті жүзеге асырылуы ел беделін күшейтеді Анастасия Лихачева

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

- Анастасия Борисовна, Конституцияға ұсынылған өзгерістер Қазақстанның сыртқы саяси бағытына қалай әсер етуі мүмкін деп ойлайсыз? Жалпы ішкі саяси реформалар мен сыртқы саясаттың өзара байланысын қалай бағалайсыз?

- Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен ішкі саяси бағытқа шоғырланған. Осы тұрғыдан алғанда сыртқы саясат үшін тиімділігін бағалай келе, сонау ХХ ғасырдың басынан белгілі айрыққа тап боламыз. Біз кез келген елдің ұлттық мүддесі әділ деп санаймыз ба? Егер солай болса, онда ішкі саяси ландшафтың өзгеруі іс жүзінде сыртқы саяси бағытқа еш әсерін тигізбейді және де бұл мүдделер халықаралық жүйенің, географияның, тарихтың, экономикалық басымдықтар мен мүмкіндіктердің, күштер мен қатерлер теңгерімінің және басқа да жайттардың объективті параметрлермен айқындалады. Не болмаса, біз ішкі саяси динамика сыртқы саяси шешімдер әзірлеу және қолдану процесіне тікелей ықпал етеді деп санаймыз ба? Олай болса, әрине, Конституцияға ұсынылып отырған жаңартулардың сыртқы саясатқа да әсері болады.

Маған ымыралы көзқарас, яғни неоклассикалық реализм деп саналатын ұстаным жақын. Мұндай ой мектебі аясында мемлекет пен ұлттық мүдде объективті әрі басым санат саналады. Дегенмен, ел ішіндегі ықпал етуші түрлі топтың өкілдігі өзгерсе, бұл сыртқы саяси бағытты түзетуі, белгілі бір сыртқы саяси шешімдерді қабылдау үдерісін жеделдетуі немесе баяулатуы мүмкін.

Меніңше, 15 наурызда дауыс беруге шығарылатын өзгерістер алғашқы уақытта саяси топтың назарын сыртқы саясаттан гөрі ішкі саясаттағы жаңа тепе-теңдікті іздеуге бұрады. Бұл сыртқы саясатқа белгілі бір инерция береді. Халықаралық жағдайдың жоғары деңгейдегі тұрақсыздығын ескерер болсақ, мұны тәуекелден гөрі ішкі өзгерістер үшін ресурс деп қарастырған жөн.

Бірақ, келешекте Парламент рөлінің артуы ұлттық пікірталаста сайлаушы үшін күрес құралы ретінде сыртқы саясаттың маңызын күшейте түседі. Мәселен, АҚШ тәжірибесі кейде мұның карикатуралық сипат (1990 жылдары кубалық эмигранттардың үлесі жоғары Флорида штатынан сайлауға түсетін кандидаттардың бастамасымен Кубаға қарсы санкциялық заң жобаларының ұсынылуы) алуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен кез келген жағдайда елдегі халықаралық күн тәртібінің маңызын арттырып, халықаралық зерттеулердің ұлттық мектептерін ынталандырады.

- Ал бұл өзгерістер халықаралық инвестициялық ахуалға, мемлекетке деген халықаралық сенім деңгейіне қалай ықпал етеді?

- Халықаралық инвесторлар мен серіктестердің назарын аудартатын мұндай сипаттағы кез келген реформаның ең маңызды шарты — елдің Ата заңына енгізілетін өзгерістердің ашықтығы. Әзірше, мұндай күш-жігер республика басшысы тарапынан белсенді қолданылып жатыр. Ал реформалардың кезең-кезеңмен әрі сәтті жүзеге асырылуы елдің халықаралық беделін күшейте алады.

- Қазақстандағы конституциялық реформа президенттік республикалардағы өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты жаһандық трендті қаншалықты көрсетеді?

- Меніңше, бұл жерде әмбебап жаһандық тренд туралы айтудан гөрі, әлемнің әр өңірінде мемлекет басшысы мен өкілді билік органдары арасындағы өкілеттік тепе-теңдігі әртүрлі қалыптасатынын ескерген жөн сияқты. Сондықтан мәселе бірыңғай әлемдік үрдісте емес, жас халқының үлесі жоғары елдер үшін маңызды саналатын жаңа трендтің көрінісінде. Қазіргі заман буыны мүлде басқа медиа және коммуникациялық ортада қалыптасты. Осы тұрғыдан алғанда, қоғам мен билік органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қалыптастыру аса маңызды. Ұсынылып отырған реформа дәл осындай жаңа тікелей тетік ұсынады. Жаңа өкілеттіктерді тиімді басқару басқа мәселе, қалыптасатын дағды. Қалай дегенде де тиімді өзара іс-қимылды жолға қою үшін уақыт қажет. Белгілі бір «бейімделу» кезеңіндегі күрделі сәттер де болуы мүмкін. Бірақ онсыз жаңа саяси «агрегаттық күйге» өту мүмкін еместігі анық.

Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы мына сілтемеде.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью