Конституцияның басты ерекшелігі адам капиталы депутат

06.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оның айтуынша, қазіргі Конституцияның басты ерекшелігі – адам капиталына басымдық берілуі.

– Әлеуметтік мәселе мен әлеуметтік саясат қашанда маңызды. Жалпы алғанда, қазіргі Конституциямыздың қақ ортасында адам тұр. Егер бұрын мемлекеттік құрылымға көбірек мән берілсе, бүгінгі таңда адамға бағытталған саясатқа, яғни адамның құқығы, қадір-қасиеті мен қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл бағытта нақты нормалар қарастырылған, - деді депутат.

Сондай-ақ ол адами капиталды дамыту қазіргі заманғы экономиканың негізгі бағыты екенін атап өтті.

– Бұрын экономикамыз шикізаттық, индустриялық сипатта болды. Ал қазір бүкіл әлем білім экономикасына көшіп жатыр. Білім – ол адам. Сондықтан адами капиталды дамыту ең дұрыс әрі уақыт талабына сай бетбұрыс, - деді Екатерина Смолякова.

Депутат өзгерістерден қорықпау керектігін айтып, оны жүйенің жаңаруы ретінде қабылдау қажеттігін жеткізді. Оның сөзінше, Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Дамуды біз әрдайым жаңашылдық пен игілік деп қабылдауымыз керек деп атап өтті. 

Сонымен қатар депутат жаһандық үдерістерге де тоқталды.

– Әлем бір орында тұрған жоқ. Қазір цифрландыру қарқынды дамып келеді. 3-4 жыл бұрын жасанды интеллект туралы көпшілік біле бермейтін, ал бүгінде онсыз өмірді елестету қиын. Экологиялық ахуал да күрделеніп отыр: климат өзгеріп, мұздықтар еріп жатыр. Бұл экономикаға, адам денсаулығына және барлық салаға әсер етеді. Бұған қоса геосаяси жағдай да бар. Қазақстан үлкен әлемнің бір бөлігі, сондықтан өзгеретін уақыт келді деп ойлаймын, - деді ол.

Айтап кетейік, Қазақстандағы саяси реформа елдің экономикалық дамуына, демократиялық құрылымын нығайтуға және халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью