Конституцияның кіріспесі не үшін маңызды?

14.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кез келген Конституция мәтіні баптар мен тармақтардан ғана тұрмайды. Оның ең алғашқы, бірақ көбіне маңыз беріле қоймайтын бөлімі бар. Ол - преамбула. Қазашалап айтсақ – кіріспе. Заңдық тұрғыдан міндетті норма болмағанымен, преамбула мемлекеттің өзін қалай таныстыратынын, қоғамға қандай құндылықтарды ұсынатынын, тарихқа қандай жауапкершілікпен қарайтынын аңғартады. 

Басқаша айтқанда, преамбула – мемлекеттің өз-өзіне және азаматтарына қарата айтқан саяси әрі рухани мәлімдемесі.

Жаңа преамбула – жаңа көзқарас

Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясының преамбуласы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы көңіл күйді дәл көрсетті. Онда «ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» ұғымы арқылы азаматтық келісімге, бейбітшілікке, тұрақтылыққа басымдық берілді. Бұл кездейсоқ емес еді. Жаңа мемлекет үшін ең бастысы - елді ыдыратпай, басқару жүйесін қалыптастыру болатын. Сондықтан преамбулада ұлттық немесе өркениеттік айқындық емес, баршаға ортақ, жұмсақ формулалар қолданылды.

Жаңа Конституциядағы преамбула мүлде басқа мазмұнға ие. Онда мемлекет өзін тек әкімшілік құрылым ретінде емес, тарихи, мәдени және рухани тұтастық ретінде танытады. Адамның қадір-қасиеті, құқықтары мен еркіндігі негізгі құндылық ретінде алға шығады. Преамбула енді жай кіріспе емес, бүкіл конституциялық жүйенің идеялық бағытын айқындайтын мәтінге айналған. Бұл Қазақстан қоғамының саяси санасы кемелденіп, өз болмысын анық айтуға дайын екенін көрсетеді.

Бұл туралы «Референдум–2026» онлайн-марафонында Мəжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ айтты.

«Преамбула – өткен тарихымызды дәріптей отырып, болашаққа бағдарымызды анықтап беретін іргетас. Қолданыстағы Конституциянының преамбуласы мен жаңа преамбулада үлкен айырмашылық бар. Оған назар аудару туралы бұған дейін бірнеше рет айтылып жүрді. Біріншіден, қолданыстағы Ата заңды қабылдаған кезде азаматтардың ұстанатын құндылықтары, саналық деңгейіне байланысты жазылды. Уақыт өте келе біз өзіміздің өткенімізді зерделеп, байырғы қазақ жерінде болған мемлекеттердің мұрагері екенімізді заңды түрде бекіту үшін құжат халықтың мүддесіне бағытталып, жаңа көзқараспен жазылды», дейді Үнзила Шапақ.

Әлемдік тәжірибеде қалай?

Әлемдегі Конституциялық преамбулалар әр түрлі жазылады. Кей елдер преамбуланы ұран түрінде, аңыз рухында да жазып жатады. Бірақ ең өтімдісі – мәтіннің ортақтығы, халықтығы, байыптылығы және түсініктілігі. АҚШ Конституциясының преамбуласы «We the People» (Біз адамбыз) деген сөздерден басталады. Бұл жерде мемлекет емес, халық алдыңғы орынға қойылған. Франция Конституциясының преамбуласы революциялық дәстүрге сүйеніп, еркіндік, теңдік, бауырластық қағидаттарын бекітеді. Германияның Негізгі заңы соғыстан кейінгі тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, адам қадір-қасиетін мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы деп жариялайды.

Кейбір елдерде преамбула діни немесе өркениеттік негізге сүйенеді. Мысалы, бірқатар мұсылман елдерінің Конституцияларында Құдайға сенім, моральдық жауапкершілік ашық көрсетіледі. Ал скандинав елдерінде әлеуметтік әділет, қоғамдық келісім мен құқықтық мемлекет идеясы басым.

Заңгер Айман Умарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады

Тарихтағы преамбулалар: биліктің бетпердесі мен айнасы

Тарихқа үңілсек, преамбулалар кейде биліктің шынайы бет-бейнесін жасыру құралы да болған. Кеңестік Конституциялардың преамбулаларында халық билігі мен теңдік ұрандары жазылғанымен, нақты өмірде бұл қағидаттар іске аспады. Мұндай жағдайда преамбула идеологиялық ұранға айналды.

Сонымен бірге, преамбула тарихи сын сәттерде қоғамды біріктіретін құрал да бола алады. Соғыс, төңкеріс, тәуелсіздік кезеңдерінде жазылған преамбулалар халықтың ортақ тағдырын, ортақ жауапкершілігін сезіндіруге бағытталған.

Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау жаңа Конституция Преамбуласынан көрініс тапты

Преамбуланың бүгінгі мәні

Қазіргі әлемде преамбула тек символдық мәтін емес. Ол мемлекеттің өзін-өзі тану деңгейін көрсетеді. Қоғам неғұрлым ашық, саналы болса, преамбула соғұрлым нақты әрі мазмұнды болады. Ол заңгерлер үшін бағыт-бағдар, саясат үшін идеологиялық негіз, ал азаматтар үшін мемлекетпен жасалған моральдық келісім іспетті.

Осы тұрғыдан алғанда, преамбулаға берілетін мән мемлекеттің өзін-өзі тану деңгейін көрсетеді. Ал преамбуланың мазмұны елдің тарихи сабақтастықты қалай түсінетінін және болашақ даму бағдарын қандай қағидаттарға негіздейтінін аңғартады.

Соңғы жаңалықтар

Бақыт Нұрмұханов, заңгер: Коституция мемлекеттің қайда бет алғанын айқындайды

Ата заң • Бүгін, 13:21

Отандық мамандар ревматологиялық ауруларды анықтау мен емдеу мәселелерін талқылады

Медицина • Бүгін, 12:35

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15 ақпанда басталады

Білім • Бүгін, 12:26

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды

Аймақтар • Бүгін, 11:42

Бүгін елімізде қандай тасжолдар жабылды?

Қазақстан • Бүгін, 11:37

«Баян Сұлу» фабрикасы ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 11:17

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:34

Олимпиада-2026: 14 ақпанда ел намысын кімдер қорғайды?

Олимпиада • Бүгін, 10:21

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:53

Реформаларға азаматтық белсенділік керек

Қоғам • Бүгін, 09:50

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45

Берекелі ынтымақтың бастауы

Пікір • Бүгін, 09:40

Қоғамдық сенім мен саяси жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 09:35

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт-бағдары

Саясат • Бүгін, 09:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью