Көп жылғы ізденіс нәтижесі

11.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілім 47 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде гуманитарлық ғылымдарды дамытуға, жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадр­ларды даярлауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргіздім.

Сурет: guu.ru

Кейінгі жылдары цифрлық құзыреттер мен нейрожелілік технологиялар саласын зерттеп, білім саласын жаңғырту, оқу үдерісін автомат­тандыру, иннова­ция­лық тех­но­ло­гияларды енгізу бағытындағы мем­­ле­кеттік басымдықтарға үлес қосып келеміз. Ғылыми зерт­теу­лерім когнитивтік лингвис­тика, лингво­мәде­ниеттану, салыстырмалы фразеология, шет тілін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация салаларын қамтиды.

200-ден астам ғылыми еңбектің авторымын. Олардың қатарында халықаралық деңгейдегі, «Scopus»,  «Web of Science» базаларына енген мақалалар, сондай-ақ іргелі монографиялар мен оқулықтар бар. Француз тілін екінші шет тілі ретінде оқыту­ға арналған оқу-әдістемелік еңбектерім еліміз­дің бірқатар жоғары оқу орындарының бағдар­ламаларына енгізілген. Сонымен бірге Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілі­нен тікелей француз тіліне аударып, осы негізде мә­дени кодтарға қатысты зерттеулер жүргіздім.

Ғылыми кадрлар даярлау ісіне де ерекше мән беремін. Менің жетекшілігіммен PhD, ғылым кандидаттары, магистрлер даярланды. Сонымен қатар ғылыми-сараптамалық, халықаралық қызметке белсенді қатысамын. Үш ғылыми журналдың редакциялық алқасының мүшесімін, Швейцариядағы Фрибур университеті мен Франциядағы Экс-Марсель университетінің диссертациялық кеңестеріне шақырылған мүшесі болдым. Сондай-ақ еліміздегі бірқатар диссертациялық кеңестердің жұмысына қатысып, ғылыми зерттеулерге ресми оппонент ретінде баға беремін.

Кәсіби қызметім барысында декан, проректор, ректордың еуропалық білім беру бағдарламалары жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқардым. Бүгінгі марапат – көп жылғы еңбектің еленгенінің айғағы деп білемін. Азды-көпті еңбегіміздің бағаланғанына шын жүректен қуаныштымын. Бұл сенім алдағы уақытта да аянбай еңбек етуге жігер береді.

Күләш Дүйсекова,

филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шетел филологиясы кафедрасының профессоры

Соңғы жаңалықтар

Еркін Әбіл: Қазақстан эволюциялық жаңару жолын таңдады

Қоғам • Кеше

Гранттан баспанаға дейін: Мемлекет жас ғалымдарға қалай қолдау көрсетуде?

Қоғам • Кеше

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Кеше

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды

Елорда • Кеше

Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

Қоғам • Кеше

Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты

Технология • Кеше

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді

Ғылым • Кеше

«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты

Қоғам • Кеше

Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі

Ғылым • Кеше

Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті

Форум • Кеше

Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?

Қаржы • Кеше

Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды

Аймақтар • Кеше

Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады

Ғылым • Кеше

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью