Көпбалалы ананы қателесіп психиатриялық ауруханаға жатқызған

25.10.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Екі апта бұрын бес бала видеоүндеу жазып, көз жастарына ерік беріп, аналарының күштеп психиатриялық ауруханаға жіберілгенін, ал өздері балалар орталығына орналасқанын айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұндай қадамға туыстары мүліктік дау салдарынан барғаны айтылған.

Нәтижесінде көпбалалы ана Алматыдағы психикалық денсаулық орталығында тексеруден өтті. Қорытындыны бірден 24 маман шығарған. Консилиум нәтижесі бойынша оның ешқандай дертінің жоқ екені анықталды.

Диагноз қате қойылғаны белгілі болды.

Соған қарамастан, әйел тек үлкен қоғамдық резонанстан кейін ғана тәуелсіз қайта сараптамаға жіберілген. Бұл жағдайды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жеке бақылауға алған еді.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью