Көпбалалы отбасыларға қамқорлық

19.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне тиесілі мемлекеттік жәрдемақы 875,2 мың отбасына беріліп, жалпы сомасы 56,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.

Көпбалалы отбасылар жәрдемақысы 627,4 мың отбасына (49,2 млрд теңге) берілсе, марапатталған анаға бері­летін жәрдемақымен 247,8 мың адам қамтылып, бұған 7,3 млрд теңге ауда­рылды.

Көпбалалы отбасына берілетін мемле­кеттік жәрдем­ақы алудан 4 немесе одан да көп баласы бар, олардың арасында 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміт­кер бола алады.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты сараланады, биылғы мөлшері мынадай: 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК (69 330 теңге) төленеді. 5 балалы анаға ай сайын 20,04 АЕК (86 673 теңге) аударылады. Өмірге алты бала әкеліп, «Күміс алқа» алған аналарға 24,05 АЕК
(104 017 теңге) беріледі. Жеті бала туған «Алтын алқа» иегеріне 121 360 теңге төленеді. Сегіз баладан көп перзенті бар аналарға ай сайынғы берілетін жәр­демақы мөлшері бала санына қарай белгіленеді, әр балаға 17 300 теңге беріледі.

Наградталған анаға бері­летін жәр­демақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған неме­се бұрын «Батыр ана» ата­ғын алған, І, ІІ дәрежелі «Ана даң­қы» орден­дері­мен мара­пат­­талған аналарға таға­йын­да­ла­ды. Бұған қоса «Күміс алқа» ал­­ған ана­ларға – 6,40 АЕК (27 680 теңге), «Алтын алқа­мен» ма­ра­­пат­талған немесе бұ­рын «Батыр ана» атағын алған, І, ІІ дәреже­лі «Ана даңқы» орден­дерімен наград­талған аналарға 7,40 АЕК (32 005 теңге) беріледі.

Биыл 1 қаңтардан бас­тап көп­ба­лалы отба­сыларға таға­йын­­­да­ла­тын мем­ле­кет­тік жәр­дем­­ақы­­лардың мөлшері 10%-ға артты. 

Соңғы жаңалықтар

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс

Медицина • Бүгін, 08:17

Бибісараның табысы – 10 668 доллар

Шахмат • Бүгін, 08:15

Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады

Реформа • Бүгін, 08:13

Баласағұннан жеткен құнды мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью