Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстандықтар табиғатқа жіберілгеннен кейін ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен жолбарысқа алаңдаушылық білдірді. Tengri Travel Экология министрлігінен жыртқыштың қазіргі жағдайы мен қайда екенін білді.
Жолбарыс табиғи ортада
Редакцияның WhatsApp нөміріне Үміт атты жолбарыстың тағдырына алаңдаған оқырман хат жазды. Оның айтуынша, кейінгі уақытта жануар туралы ақпарат жоқтың қасы, сондықтан ол жолбарыстың жағдайына алаңдаулы.
Экология министрлігі не дейді?"Жолбарыс туралы көптен бері хабар жоқ, сондықтан оның қазіргі жағдайын білгіміз келеді. Оның жағдайы жақсы ма және еркіндікке жіберілгеннен кейін Қазақстанда қалай бейімделіп жатыр?" - деп жазды ол.
Біз Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдадық. Ондағылар қазір жолбарыстың жағдайы жақсы екенін және ол жаңа жерлерге үйреніп жатқанын хабарлады.
"Бүгінде Үміт атты жолбарыстың жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Ол табиғи ортадағы өмірге бейімделіп жатыр. Оның жай-күйі, қозғалысы, белсенділігі мен мінез-құлқы мамандардың тұрақты бақылауында", - деп бөлісті ведомствоның баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сәйкес, Үміт су айдындарына жақын маңдағы орманды мекендейді.
"Мониторинг барысында алынған деректер мамандарға оның табиғи ортаға бейімделу процесін бағалауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрліктегілер.
Ведомство мәліметінше, жолбарысты бақылау GPS-трекер және фототұзақтар көмегімен жалғасып жатыр.
"Мониторинг кешенді түрде жүргізіледі. Мысалы, мамандар далалық бақылау жүргізіп, оның іздері мен басқа да тіршілік белгілерін зерттейді. Жануардың табиғи ортадағы мінез-құлқы туралы қосымша мәліметтерді фототұзақтар арқылы аламыз", - деп хабарлады ведомство.
Экология министрлігі оның жаңа ортаға біртіндеп үйреніп жатқанын айтты. Мамандардың айтуынша, жолбарыстың жағдайы жақсы және алаңдауға негіз жоқ.
Еске сала кетейік, тамыздың басында Үміт атты амур жолбарысы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватында еркіндікке жіберілген болатын.
Бұған дейін мамандар жануардың денсаулығын, мінез-құлқын, аң аулау дағдыларын және адамға реакциясын тексерді. Тексерулерден кейін жолбарыс жабайы табиғатта өмір сүруге дайын деп танылды.
Үміттің қозғалысын қадағалау үшін оған GPS/GSM-қарғыбауы тағылды.
Тағы үш жолбарыс әзірге бақылауда
Instagram-дағы бұл жазбаны көру
Аталық жолбарыс әзірге мамандардың бақылауымен қоршауда қалып, мінез-құлық сынағынан өтіп жатыр. Мамандар оның жабайы табиғатта өз бетінше өмір сүруге дайын екеніне көз жеткізгеннен кейін ол да еркіндікке жіберіледі.
Қазақстанға 6–7 айлығында әкелінген екі жолбарыс күшігі де "Іле-Балқаш" резерватында өсіп жатыр. Олар 18 айға толғанда мамандар қажетті тексерулер жүргізіп, жабайы табиғатқа дайындығын бағалайды. Осыдан кейін оларды еркіндікке жіберу туралы шешім қабылданады.
Айта кетейік, "Іле-Балқаш" резерваты кездейсоқ таңдалған жоқ. Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің аңғары тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының мекені болған. Алайда тоғайлы ормандардың азаюы, жабайы жануарлар санының кемуі және браконьерлік салдарынан бұл жыртқыш Қазақстан аумағынан 70 жылдан аса уақыт бұрын жойылып кеткен.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтарды шошытқан жолбарыстың суреті фейк болып шықты
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу