Көрермен алдында балағат сөз айтқан: Астанада әзілкешке айыппұл салынды

07.11.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Астанада әзілкешке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аықталғандай стендап-комик қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсету барысында көрермендердің алдында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сондай-ақ айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрап, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейтінін айтты.
Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 81 100 теңге айыппұл тағайындалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью