Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

12.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Камбоджа мен Вьетнам арқылы Қазақстанға жасырын кіріп, біздің азаматтарымызға қарсы телефон алаяқтығын жасаған Корея Республикасының ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жергілікті жерде ұсталғаннан кейін 2 апта өткен соң толықтай елге қайтарылып, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Корея Республикасының президенті  Ли Чжэ Мённің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Келесі айда өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммитінде тікелей жүздесіп, алғысымызды жеке жеткізуге мүмкіндік болады деп сенеміз. 

Корея Республикасы азаматтарының қауіпсіздігі мен бейбіт өміріне қатер төндіретін қылмыстарға қарсы ешқандай ерекшелік жасалмайды. Қай жерде жасырынса да, оларды соңына дейін іздеп тауып, міндетті түрде заң алдында жауапқа тартамыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью