Кореяда дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді

20.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогі өтеді, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Аталған халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараға дайындық шеңберінде 2025 жылғы 10–23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында ұлттық құраманың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда.

Жиынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 17 спортшысы тартылған.

Оқу-жаттығу жиынының ұйымдастырушысы – Sadaq Aty Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью