Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істеуге рұқсат беретін келісім қабылдау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Корея билігі жұмысқа келетін қазақстандықтарға осы елдің заңнамасына оқыту талабын қойған. Ол үшін Алматыда арнайы ғимарат та бөлінген болатын. Оны да кәріс делегациясына көрсетті.
"Олар келісетін болса, келісімді рәсімдеудің үшінші кезеңі басталады. Ол құжат Корея премьер-министрінің деңгейінде қаралуы керек. Осыдан кейін біз оны бекітеміз", - деді Ертаев үкіметтегі брифингте.
Айта кетері, Алматыдағы орталықта кәріс мамандары арнайы тест өткізеді. Заң мен тәртіп жағынан ақпарат береді. Осыдан кейін ғана жұмыскерлер таңдалып, Кореяға жіберіледі. Екі жақты келісім биыл рәсімделуі мүмкін.