Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 1 ақпан - Sputnik. Корея Республикасының Мендон-мен қаласындағы кәсіпорында өрт болып, онда жұмыс істеген Қазақстан азаматы табылмай жатыр, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
30 қаңтарда азық-түлік және сусындар өндіретін кәсіпорында өрт болды.
"Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланды. Алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан азаматы табылмады", - дейді министрліктегілер.
Полиция мен өрт сөндіру бөлімінің хабарлауынша, 31 қаңтарда таңертең өртенген цехтың ішінен белгісіз дене табылған.
Полиция мәйіттің кім екенін анықтау үшін Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан елшілігі полициямен және өрт сөндіру қызметімен, сондай-ақ жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен байланыста және мәселені бақылауда ұстайды.