Кореядағы ең сұлу қанішерге үкім шықты

28.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Желі қолданушылары "ең сұлу қылмыскер" деп атап кеткен 20 жастағы Ким Со Ён Сеулде ер адамдарды улау ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Үкімді Сеулдің Солтүстік округтік соты шығарды, деп хабарлайды Tengri Life.

Сот шешімі

Chosun мәліметінше, Ким Со Ён алты адамды өлтірді және денсаулығына зиян келтірді деп айыпталған.

Сот процесі кезінде қыз ешкімді өлтіргісі келмегенін жеткізді. Айтуынша, ол ер адамдарды ұйықтатып тастап, жыныстық зорлық-зомбылықтан қорғану үшін оларға седативті препараттар берген.

Сот бұл уәжді қабылдамады. KakaoTalk желісіндегі хаттарды және істің басқа да материалдарын зерттей келе, судья жыныстық зорлық-зомбылық болғанын растайтын айғақтар таппады.

"KakaoTalk хат алмасуларында және басқа да дәлелдемелерде зорлау белгілері жоқ. Сондықтан жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жәбірленушілерді аз уақытқа ұйықтатып тастағысы келгені туралы уәжді қабылдау мүмкін емес", - делінген сот шешімінде.

Сондай-ақ сот Ким Со Ён қолданған препараттар қаншалықты қауіпті екенін түсінгенін анықтады. Бұл ретте ол ChatGPT-ден бұл дәрілерді қандай жағдайда қолдану өлімге әкелуі мүмкін екені туралы ақпарат іздеген.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіруге қатысты эпизодтардың бірі бойынша қыз ақталды.

Ақыры сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар Ким Со Ён 30 жыл бойы жүрген жерін бақылайтын электрон білезік тағып жүруге міндеттелді.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушының өкініш білдірмеуін, сондай-ақ басқа да жағдайларды, соның ішінде оның интеллект деңгейінің төмендігін және бала кезінде анасы тарапынан көрген зорлық-зомбылығын ескерді.

"Өлім жазасы адамды өмірінен айыратын ерекше жаза екенін ескерсек, жасаған қылмысының ауырлығына қарай оның негізділігі туралы қорытынды жасау қиын. Қылмыс мотивін, жасалу тәсілін, оның салдарын және басқа да жағдайларды ескере отырып, біз сотталушыны қоғамнан біржолата оқшаулау туралы шешім қабылдадық", - деп түйіндеді судья.

Бірінші сатыдағы соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Мән-жайы

Айта кетейік, бұл оқиға ақпанда кеңінен танылған болатын. Ол кезде ер адамдарды седативті препараттармен жаппай улады деген күдікпен Сеулдің 20 жастағы тұрғыны ұсталғаны хабарланған.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол жанжалдан кейін олардың сусындарына дәрі араластырып отырған. Тергеушілер қыз ChatGPT көмегімен өлімге әкелетін дозаларды алдын ала есептегенін анықтады. Нәтижесінде екі ер адам қайтыс болды.

Мамырда Сеул прокуратурасы оны тағы үш өлімге қатысы бар деп күдіктенді.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by rocketmagazine 로켓매거진 (@rocketmag_official)

Айыптардың ауырлығына қарамастан, күдіктінің әлеуметтік желілердегі парақшасы үлкен танымалдылыққа ие болды. Желі қолданушылары оны "ең сұлу қылмыскер" деп атап кетті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью