Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Ұлт өрнегі – ұрпақ өнегесі» атты ұлттық киімдердің сән көрмесі көпшілікке ұсынылды. Онда әйелдердің талғам таразысына сай келер эстетикалық күміс, түрлі-түсті тастармен көмкерілген әшекейлер жиынтығы мен киізден басылған киім түрлері көрме экспозициясы төрінен орын алды.
Көрмені республикамызға танымал, ұлттық қолөнер заттарын көпшілікке насихаттап жүрген қарасайлық Бекдайыр әулетінің ұлттық реңктегі ою-өрнекпен нақышталған туындылары құрады. Қолөнер шеберлері Өзбекәлі Жәнібектің 90 жылдығына арналған ұлттық киім байқауының, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары атанған.
Бекдайыр отбасының ұлттық нақыштағы туындыларын тамашалауға келген Ә.Бұқарбайқызы атындағы, Қарасай батыр атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының назарына ұлттық құндылығымыз отбасылық мәдениеттен бастау алып, халқымыздың байырғы тарихымен астасып жатқаны баяндалды. Тарихи кезеңдерден бүгінге жеткен ұлттық киімдеріміз бен қолөнер туындылары – халқымыздың рухани мұрасы. Көз тартарлық көрмеге қойылған жәдігерлердің авторлары Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Суретшілер одағының мүшесі Қоңыр Егенұлы мен жары Анаргүл Нарботанова ұлттық ою-өрнекпен әдіптелген киім кию арқылы өткенді құрметтеп, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететінін атап өтті. Әрбір киімде көнеден жеткен тағылым, дәстүр мен даналықтың сыр-құпиялары барын жас өскіннің есіне салды.
Заманауи технологиялар жетістігін пайдалана отырып, өскелең жастың талғамына оң әсер беретін, тіпті, қыздардың қызығушылығын оятқан әшекей сырға, сақина, алқа, білезік, шашбау, көз жауын алар шекеліктің түр-түрі көрмеден орын тапты. Қазақ тарихының байырғы құнды жәдігері жартас суреттеріндегі айшықты бейнелер, ою-өрнек үлгілері сонау қола дәуірі кезеңнен қалған құндылықтарымыз мата, жүн мен киіз үлгілерінен дайындалған киім-кешек туындыларын яғни, коллекциялық топтамасын жоғарғы сынып оқушылары өз қалауына қарай киіп, жастар талғамындағы сән көрсетілімін жасады.
«Тарихи орындар, тарихи ескерткіштер мен мәдени құндылықтардың қорғалуы болсын барлығы да ұлттық тәрбие құралы ретінде ағартушылық және білім беру аясындағы насихатталу әдістері мемлекетіміздің тарихи рөлін көрсетеді. Орталықтың үлкен экранында сонау қола дәуірінен бастау алатын байырғы тарихымызбен сабақтаса үндескен Қазақ ұлысының тарихы қысқаша баяндалды. Көрме жұмысының басты мақсаты – осынау тарихи кезеңдердің өзара сабақтастығын көрсету», дейді «Атамекен» орталығының аға ғылыми қызметкері Әбу Алпамыс.
Алматы облысы
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр
Оқиға • Кеше
Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді
Қоғам • Кеше
FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді
Ата заң • Кеше
Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді
Жануарлар • Кеше
Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды
Оқиға • Кеше
15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды
Футбол • Кеше
2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді
Оқиға • Кеше
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды
Оқиға • Кеше
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Көрме • Кеше
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қоғам • Кеше
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
Елорда • Кеше
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
Оқиға • Кеше