Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
— Министрлік «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жазаны жеңілдетуге қарсы емес. Бірақ бұл шешімді Мәдениет және ақпарат министрлігі емес, Үкімет және депутаттар қабылдайды, — деп түсіндірді ол Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауа бере отырып.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматтарға жаза қарастырылған. Оларға бір мың АЕК-ге дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Не болмаса, бір жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.
Ал БАҚ арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқандар тартылатын жауапкершілік одан да қатаң. Ондай жағдайда үш мың АЕК-ге дейін айыппұл салынуы ықтимал. Тіпті, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазалары да қарастырылған.
Еске салайық, бұған дейін Семей тұрғыны «өрттен 18 адам қаза тапты» деген жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланғанын жазғанбыз.