Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы жекелей және топтық жаттығуларда бақ сынайды.
Команда құрамында бірнеше спортшы бар. Атап айтқанда, жекелей сайыста Диана Сәрсембаева мен Дария Күшербаева сынға түседі. Ал топтық жаттығуларда Аида Хәкіммжанова, Жасмин Жүнісбаева, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульскаяға сенім артылып отыр.
Айта кетейік, әлем кубогының бұл кезеңі 10 сәуірде басталады.
Еске салсақ, бұған дейін гимнаст Асан Салимов Мысырдағы әлем кубогының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік.