Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
23–30 қыркүйек аралығында Қазақстан мектептерінде 2-4 сынып оқушылары үшін аралық бағалаудың алғашқы кезеңі өтеді. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың қандай жұмыстар орындайтынын және оған қанша уақыт берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Education.
Не тексеріледі?
2026/27 оқу жылында 2-4 сыныптарда қалыптастырушы және аралық бағалау қатар қолданылады. Олар оқу процесі барысында жүргізіледі және бірін-бірі толықтырып отырады.
Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша жүргізіледі. Жұмыс форматы пәнге байланысты болады.
Қазақ немесе орыс тілінен оқушылар диктант жазып, оқу сауаттылығына арналған тапсырмаларды орындайды. Бұл ретте олардың сауаттылығы мен мәтін мазмұнын түсіну деңгейі бағаланады.
Әдебиеттік оқу пәнінен мазмұндама немесе шығарма жазу, сондай-ақ оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар қарастырылған. Мұнда мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын білдіру қабілеті тексеріледі.
Математикадан оқушылар бақылау жұмысын орындайды. Есептеу дағдылары, есептің шартын түсіну, шешу жолын таңдау және жауапты негіздей білу қабілеті бағаланады.
40 минут және 16 балға дейінБір жұмысты орындауға 40 минут беріледі. Максималды балл сыныпқа байланысты:
2-сынып - 12 балл; 3-сынып - 14 балл; 4-сынып - 16 балл.Жазу үшін балл төмендетілмейді"Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Нәтижелер 10 балдық шкаламен бағаланады", – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары үшін маңызды болуы мүмкін ереже бөлек атап өтілді: егер каллиграфия оқу мақсатында қарастырылмаса, жазу үлгісінің өзі балл төмендетуге негіз болмайды.
Бұл ретте 1-сыныпта балдық жүйемен бағалау жүргізілмейді.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-4 сынып оқушылары үшін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жойылды. Олардың орнына оқу бағдарламасының бөлімдері аяқталғаннан кейін аралық бағалау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптастырушы бағалау сақталып қалды.
Тағы оқыңыз: БЖБ және ТЖБ барлық сыныпта кезең-кезеңімен жойылады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу