Көрнекті мәдениет қайраткері Ғалым Доскен өмірден өтті

11.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Белгілі әдебиет сыншысы, режиссер, мәдениет қайраткері Ғалым Доскен 65 жасында дүниеден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ғалым Доскен 2002-2006 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы болған. Отандық журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру жолында аянбай еңбек еткен тұлға. 

«Сәулені күту», «Ұлы дала астаналары», «Маңғыстау қабірлерінің түсі», «Жоғалған жарық хроникасы» фильмдерінің, «Тоғыз құйрықты ақ түлкі», «Сиқырлы флейта», «Билейтін құс» кітаптарының, «Жезтырнақ» балеті либреттосының авторы. Соңғы жетекшілік еткен туындыларының бірі 2024 жылы түсірілген «Соңғы үкім» фильмі. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью